Ал, мемлекеттік тілді менсінбей, қазақ тіліне қарсы шыққан банкпен бір жыл бойы соттасқан Астаналық тұрғын, ақыры жеңіп шықты. Сот шешіміне сәйкес, «Цеснабанк» қазақ тілін құрметтемегені үшін Руза Бейсенбайтегіне 56 мың теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Руза Бейсенбайтегі мен «Цеснабанк» арасындағы тіл үшін болған текетірес 10 ай бұрын басталған. Павлодардағы банк бөлімдерінің біріне салық төлемек болған кәсіпкерге «Цеснабанк» қызметкерлері «аты-жөніңіз қазақша болғандықтан қызмет көрсете алмаймыз» деп дөрекілік көрсеткен. «Мемлекеттік тіл» туралы заңды алға тартып, шу шығарғаннан кейін ғана құжатты қабылдапты. Бірақ, тұтынушының қазақ тілінде жазған аты-жөнін, түсініксіз белгілермен толтырып беріпті. Себебін, банкте мемлекеттік тілде жазатын бағдарлама жоқ деп түсіндірген. Ана тіліміздің…
Автор: admin
Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, ақын-журналист Дәулетбек Байтұрсынұлының есімі қазақ әдебиетіне танымал. Ақын «Күнәсіз мекен», «Мәңгілік мекен», «Ләтипа лүпілі» жыр жинақтарының авторы. «Түркі дүниесі» ақындары Елазық, Баку, Бішкек жыр фестивалдерінің дипломанты. Биыл ер жасы елуге келетін ақынның 2014 жылы 21 мамыр күні Қазақстан Жазушылар Одағының ұйымдастыруымен «Сенің арқаң» атты шығармашылық кеші болады. Ақын кеші Қазақстан Жазушылар Одағының «Әдебиетшілер үйінде» өтеді.
Қазақстандықтардың 86%-ы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың өршуіне алаңдайды MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында сауалнама жүргізді. Сауалнаманың мақсаты — қазақстандықтардың Украинадағы, атап айтқанда, Қырымдағы жағдайға байланысты көзқарастарын анықтау. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 1736 адам қатысты. Сұрақтарға 18 жастан жоғары 66% әйелдер мен 34% ер азаматтар жауап берді. Сауалнама әдісі – телефон арқылы жүргізілген сауалнама және онлайн-сауалнама. Қазақстандықтардың көп бөлігін (86%) Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың өршуі алаңдатады. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 56%-ы осы тақырыптағы жаңалықтар легін тұрақты бақылап отырады. Ал, қазақстандықтардың 14%-н бұл…

