Galym Bokash
Facebook парақшасынан алынған пост
21-ғасырдағы қазақ журналисін редакция уақыт машинасына мінгізіп Абайдан сұхбат алуға жұмсапты. Бірнеше сағаттан соң қайтып оралған журналист «Абайдың қазақша дұрыс білмейтінін, бір де бір сауалына жауап бере алмағанын, ол аз болса асқан әдепсіздік танытып өзін Жидебайдағы үйінен қуып шыққанын» айтыпты. Сондағы сегіз сауалы мыналар екен: 1. Құрметті Абай Құнанбайұлы, әуелі оқырмандарымызға өзіңізді таныстырып өтсеңіз? 2. Өнер жолына түсуіңізге кім себеп болды? 3. Алғаш жазған тақпағыңыз есіңізде ме? 4. ҚР тұңғыш президенті асқан даналықпен: «Біріңді қазақ бірің дос көріп, бір-біріңмен қазақша сөйлесіңдер» деп талап қойды. Президенттің бұл саясатын қолдайсыз ғой. Қазақ тілін қолдану аясын кеңіту мәселелеріне қатысты сіздің ұсыныстарыңыз қандай? 5. «Қазақ ұлтшылдарының басы қандай алғышарттар орындалған жағдайда бірігуі мүмкін деп ойлаудасыз? 6. «Қара жорға» биін қалмақтыкі немесе қырғыздікі деп санайтын адасқандарға қандай уәж айтар едіңіз? 7. Неге өлеңдеріңізде сопылықты, ал қара сөздеріңізде салафизмді жақтайсыз? Сақал қою себебіңіз? 8. Саяси көрегендікпен қабылданған «Нұрлы көш» бағдарламасының ізінше «Көші қон» туралы заңға енгізілген жаңа толықтырулар мен түзетулерде көрсетілген жеңілдіктерге қол жеткізу құқығын пайдаланып, 21-ғасырға көшіп келіп, оралман ретінде Қазақстан азаматтығын төрт-ақ жылда алуға қалай қарайсыз?



