«…Актердің Алматыдағы баспасөз мәслихатында осы жолдар авторының «Сіз киноға балалармен жиі түсесіз. Олармен жұмыс істеу қызық шығар?» деген сауалына Пьер Ришар былай жауап берген-ді: – Әрі қызық, әрі қиын… Мәселен, «Қашқындардағы» кішкентай қыз естеріңізде ме? Ол алғашында камера алдында еш ойнаған да жоқ, өйткені, ойнауды білмейтін де. Тек өзінің кәдуілгі қалпымен жүріп-тұрды, және онысы өте шынайы шықты. Бірде продюсер оған «олай емес, былай ет» деп, актерлік техниканың қыр-сырын ұғындыруға тырысып еді, көп ұзамай бүлдіршіннің әрекетінде жасандылық пайда бола бастады… Мен дереу жас балаға «актерліктен дәріс оқуға» тыйым салдым. Ол бірте-бірте әу бастағы еркіндігіне ауысты… Білесіз бе, балаларда үлкендер әлдеқашан жоғалтқан…
Автор: admin
Өзбек хан мен оның ұлы Жәнібек хан өлген соң, Алтын Орда мемлекетінде құлдырау басталды. 1359 жыл мен 1380 жылдардың аралығында 25 хан ауысып, Ордаға қарасты жекелеген ұлыстар тәуелсіздік алуға ұмтылды. Құлдырау Әмір Темірдің көмегіне жүгінген Тоқтамыс хан (1380-1395ж.ж) мен Едіге бидің тұсында тоқтағанымен, олар Алтын Орданың ынтымағын 40 жыл ғана ұстап тұра алды. 1419 жылы Едіге би өлген соң, Алтын Орда тоқтаусыз бөлшектене бастады. Алғашқыда Ақ Орда және Көк Орда болып қақ айырылған империя одан кейінгі кезеңдерде жекелеген хандықтарға ыдырады. 1420 жылдары Сібір хандығы, 1428 жылы Әбілхайыр бастаған көшпелі өзбектер мемлекеті, 1440 жылдары Ноғай Ордасы, 1438 жылы Қазан хандығы,…
Арысы Орта Жүз, берісі Абақ-Керей кешкен кешулер тарихында Керейдің он екі атасының бірі Жәнтекейдің немересі «Шүйіншалы Барақ» ел ішінде «Барақ би», «Барақ батыр» деген атпен аталды. «Қазақ батырларының деректемесі» (1-бөлім) деген кітапта: «Барақ есімді адамдардың сарғыш тартқан жылнамалар парағына із тастағандардың қазірге дейін анықталған саны оннан астам. Сондықтан да болар, олардың есімдерін бір-бірімен шатастыру, іс-іздерін бірінікін біріне ауыстырып таңу, телу жиі ұшырап отырады. Байыптап зерделеп қарамаса, оңай шатасады», — деп жазады. Шәміс Құмарұлы тарихи деректерді тереңдей зерттеу арқылы жазған тарихи романы «Ер Жәнібек»-тің өн бойында Шүйіншалы Барақ батырдың өзі тіке қатысқан уақиғалары жөнінде 13 рет тілге алып, көлемді-көлемді орын беріп,…

