Автор: admin

                                                 Айтайын Аттиланың қылған ісін,                                                  Сиқыр деп ойлаған жұрт қайрат-күшін.                                                  Азияны түгел билеп, Еуропаның                                                  Көбі ауған Аттиладан қорыққаны үшін…                                                                                                 Шәкәрім Ғұлама Ә.Х.Марғұлан ғұн тотемдерін, «ғұн» сөз – ұғымының тек төркінін саралайды. Ғұндар тарихы Скандинавия халықтарының жырларында, герман эпосында, «Ұлы Эдда», «Кіші Эдда» шығармаларында негізгі арқауы болғандығын сараптайды. «Ұлы Эддада» шығыстан шығатын пілге шабатын арыстан іспетті азулы ер, атақты қолбасшы, айтулы мәмілегер, ерлікті он екі жасында көрсете білген Еділ батыр тұлғасы жырланатындығын, мұнда жылқы, қымыз әсерлі суреттелетіндігін, батырдың толқынды топтың алдында құрыштан құйылған нақыл сөздерді шешендікпен төгілте толғайтындығын тәптіштеп жазады. Әрі қарай ғұн әміршісі Еділдің дүниеден…

Read More

©Алаш айнасы иллюстрациясы Біздің білмейтініміз көп. Шындығында, азат ел болу, тәуелсіз жұрт болудың басты шарты – ел қорғаны – әскері. Әскерсіз ел, қорғансыз мемлекет болмайтыны ақиқат. Ендеше өткен ғасырдың басындағы Алашорда қайраткерлерінің ұлттық тәуелсіздікке ұмтылыста халық сарбаздарын құру ісі қалай өрбіді? Там-тұмдаған ақпараттарға үңіле отырып, бүгінгі Отан қорғаушылар күні мерекесінде Алаш құрған ұлт әскері мәселесіне көз жүгірткен едік.  Алмағайып заманда азаттыққа бел буған Алаш үкіметінің тәуелсіз мемлекет болуы ең алдымен екі мәселеге терең байлаулы екенін сол тұстағы ұлт көсемдері жете ұғынған. Оның бірі – әскер, екіншісі – қазына. «Қазақ» газетіндегі «Қайтсек жұрт боламыз?» атты мақаласында Мір-жақып Дулатов тәуелсіз жұрт болудың…

Read More

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастың, соның ішінде сауда-экономика және инвестиция саласындағы байланыстардың негізгі бағыттары қарастырылды. Бұдан бөлек, Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Тараптар Украина мен Ауғанстандағы жағдайға қоса, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қазақстанның Құрама Штаттармен екіжақты қарым-қатынасты белсене дамытуға әзір екенін айтты. – Таяуда мен Гаагада АҚШ Президентімен кездестім. Біз елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселелерін, сондай-ақ әлемде бүгінгі таңда қалыптасып отырған ахуалды егжей-тегжейлі талқыладық. Оған қоса, бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Екіжақты ынтымақтастықты жоғары деңгейде бұдан әрі де жалғастыру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. У.Бёрнс Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Барак Обаманың жылы…

Read More