Қытайда тұратын бір жарым миллион қандасымыздың біразы Шыңжаң ұйғыр автономиясының орталығы Үрімжі қаласында тұрады. Негізінен қала маңына шоғырланған қазақтар мал шаруашылығымен айналысады. Соңғы жылдары Қытай үкіметі тұрғылықты халықтың жерін сатып алып, әртүрлі мақсаттарға(завод-фабрика, демалыс орындары) пайдаланып келген. Сол арқылы Ішкі қытайдан ағылған жұмысшалар нөпірін Шыңжаңға қоныстандыруды мықтап қолға алып еді. Үрімжі ауданы Банфаңгу ауылдығы нансан тауында малшы Қазақтардың үйлерін бұзып-шағып, жерінен, жайлауынан зорлық-зомбылықпен қуып түсіп, Қазақтардың жерін заңсыз тартып алып , саяқат орындарын ашқан жинбейфаң серіктігінің (新疆金北方投资有限责任公司) бастығы жаңзұң (张新生) былай деген: “бір малшы Қазақты өлтірсеңдер құнын мен төлеймін, және 400 мың юан беремін” деп жұмыс істеушілердің қолына темір тесе беріп…
Автор: admin
ҚазАқпарат — Алматыда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында көші-қон мәселелері талқыланды.Жиынға жиналған оралмандар қауымы көші-қон саласындағы кедергілерді жою, азаматтық, тұрақты қоныстану, арнайы мемлекет бекіткен өңірлерге қоныстану сияқты мәселелерді көтерді. Әңгіме өзегі 2013 жылы желтоқсанда оралмандар жөнінде қабылданған заңда кеткен бірқатар шикіліктерді жою туралы ҚР Үкіметінің 22 сәуірдегі қаулысы жайлы өрбіді. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылғы 10 желтоқсанда бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне еңбек миграциясы мәселелері бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес оралмандарға азаматтық Қазақстанға көшіп келген соң 4 жылдан кейін берілетін болған еді. Ал 8 сәуірден бастап Үкіметтің «Оралмандарды жайғастыру өңірлерін айқындау туралы» №248 қаулысы бойынша Ақмола, Атырау, Батыс…
Сұхбатымыздың кезекті қонағы – академик Серік Қирабаев. Әдебиеттанушы, сыншы ғалым. Ақсақал тың екен. Тоқсанға толуына үш-ақ жыл қалса да, әлі жұмыс істеп жүргені қайран қалдырды. Әңгімесі де сергек. Жасыратыны жоқ, қазақ әдебиетінің тарихында сыншылардың рөлі өте зор болды. «Ұраншыл» ақындарды тәртіпке салып, «ұлтшыл» жазушыларды жөнге шақыру тікелей сыншылардың көмегімен жүзеге асқаны әмбеге аян. Ондайда ағалардың ақылын алып, артық-кем айтуға да тура келген сәттер болғанын ақсақал жасырған жоқ. Соның ішінде, әсіресе, Қасым Аманжолов туралы баса айтты. Қайнекей Жармағамбетовтің шекпенінен шыққан сыншыдан ұстазының тағдыры жөнінде де сұрадық. Қатар оқып, қатар өскен досы Бердібек Соқпақбаев жөнінде сұрамай тұра алмадық. Әңгіменің әлқиссасын сыннан бастадық.…

