Халиолла Саматұлы Садақты ерте кезде қазақтар аң аулауда, соғыс кезінде қолданған. Қарапайым садақты тобылғы, үйеңкі, т.б. ағаш шыбықтарынан доғаша иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасайтын болған. Күрделі, яки құрама садақтыңсыртқы беті сіңірмен немесе тарамыспен қапталып, ішкі жағы мүйізбен астарланған, кейде ортасы мен екі шетіне сүйек бастырма қағылады. Күрделі немесе құрама садақты ежелгі ерте дәуірде сақтар мен ғүндар көп қолданған. Қазақ садағы көшпенді сақ-ғұндар садағының жетілдірілген жалғасы болып саналады. Ауыз әдебиетінде садақтарды жасалған материалдарына қарай «қайың садақ», «қарағай садақ», «үйеңкі садақ» «бұлғары садақ», «адырна», «көн садақ» деген атаулары кездеседі. Қайыңның сарғайған қабығымен қапталған садақты түсіне байланысты «сарыжа», немесе «сарсадақ» деп те атай берген. Қарапайым садақ екі бөліктен тұрады. Біріншісі, яғни ағаш немесе сүйектен жасалатын…
Автор: admin
http://youtube.com/watch?v=qVJ9lva13rw <iframe src=’http://islam.kz/kk/media/embed/11′ width=’640′ height=’360′ frameborder=’0′ allowfullscreen></iframe> islam.kz
Украинаның ресейшіл сепаратистерге қарсы арнайы операция жүріп жатқан Донецк қаласында әуежай жабылды. Донецк әуежайының бүгін таратқан хабарламасында әуежайдан ұшып шығатын және ұшып келетін рейстер «үкіметтің бұйрығымен тоқтатылғаны» айтылған. Украина билігі әзірге әуежайдың жабылғаны туралы ақпарат таратқан жоқ. Әуежай өкілі әуежайдың қанша уақытқа жабылғаны белгісіз екенін айтады. 5 мамыр күні Донецкіде арнайы операция барысында үкімет күштері мен сепаратистер жағынан да адамдар қаза болғаны туралы хабарланған. Одан бір күн бұрын Славянск қаласы маңында атыстан үкімет күштерінің төрт сарбазы мен ресейшіл топтардың 20 мүшесі қаза тапқан еді. Украина армиясы ресейшіл сепаратистер үкімет үйлері мен ғимараттарын басып алған бірнеше қалада қайтадан бақылау орнатуға күш салып жатыр.…

