Автор: admin

ҚазАқпарат — Алматы жұртшылығы қазақстандық және ресейлік өнер жұлдыздарынан құралған «Алатау» мен «Старко»  футбол клубтары арасында өтетін «жұлдызды футболды» көруге Орталық стадионға қарай ағылуда. Ғимараттың маңайы тәртіп сақшыларымен қоршалған. Дәл қазір спортшылар журналистерге сұхбат беруде. «Олардың бойының ұзындығы ғана алаңдатып отыр. Барлығы дерлік Челси ойыншылары сияқты бойшаң екен. Мен бұрыштама допты баспен соққанға шебер едім. Енді бір ай бойы жаттыққан еңбегіміз еш кетпейді деп сенемін», — деді Сәкен Майғазиев. Біздің команданы қолдауға келген «Азия» тобының әншісі Ринат қазақ командасының жеңісіне 98 пайыз сенетінін айтты. Ал, Мейрамбек Беспаев қарсылас команданың Влад Топалов сынды ойыншыларынан қауіптену керектігін жеткізді. «Мен қарсылас командадан емес, бізге жанкүйер…

Read More

Мошқа әулие (Сүйінбәй жәнтекей, самырат елінен) меркіттің бес азаматын арнайы қонаққа шақырып, «менен көп бұрын жасаған меркіт елінің қариясы Әлім бір асу жасаған болатын, ол адам өзімді шақырып алып:‹сендер күн шығыс жаққа жол алыңдар› деп арыз — арманын айтыпты, ـــ дейді Тұрымтай. Бір жылдың алдында керей ішіндегі жараспастықтан сәменбет атаның ауылынан Барқы, Түкібәй елінен жиырмаға жуық түтін ауған, осы ауыл ішінде әкемнің ағасы Жанбай балалары кеткен. Жанбай үш жылдың алдында маңырақта дүние салады, ауып барған ел сауыр, сайқан мен қытай жеріндегі сауырдың ақ мұздығында екен. Бұл жер қазір торғауыт ішінде аз ғана ауыл болып, жер кең, иен жатыр екен. Торғауыт…

Read More

Тоқтар Жақаш Жақында ғана Ерлан Райымқұлов «Ұлы Отан соғысы» емес, Екінші Дүниежүзілік соғысы» деушілердің аузынан тәпішкемен ұрғысы келетінін жазып еді. Толықтай жауап жазатын уақыт болмады. Тәпішкеден «таяқ жейтіннің» бірі менмін. Енді өз позициямды түсіндіре кетсем: 2 Дүниежүзілік соғысы 1939 жылы 1 қыркүйекте Германияның Польшаға шабуылынан басталды. 17 қыркүйекте Кеңес Одағының әскері шығыстан Польшаға бас салады. Бірақ Ресей тарихшылары ол күні неміс-поляк соғысы басталды деп бұрмалайды. Бірақ 3 қыркүйекте осы соғысқа Англия, Франция, Австралия, Үндістан, Жаңа Зеландия мемлекеттері тартылды. Бұдан сәл бұрын, тамыз айында Риббентроп-Молотов пакты жасалып, Германия мен Кеңес Одағы Еуропаны бөлшектеуге келіседі. Адольф пен Сталин осы уақытқа дейін бірлескен әскери парадтар…

Read More