Автор: admin

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы — 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) — қазақ және Кеңес Одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақсан шыққан тұңғыш академик. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген. 1920-1941 жылдары Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың…

Read More

Аңызы мен ақиқаты Алты Алаш түгілі, жер шарының арғы-бергі бетіне мағлұм болған Оспан батыр Сіләмұлының дүниеден өткеніне бүгін, яғнй 2014 жылдың 29 сәуірі 63 жыл толыпты. Өткен күнге қайрыла қарағанда халқым деп қан кешіп, елім деп еңіреп өткен шаһиттердің есімінің талай жүректерге алтын әріптермен жазылғаны көрінеді. Бақилық болғанына жарты ғасырдан ұзақ уақыт өтседе Оспан есімі де замана сынынан сүрінбей өтіп, бүгінгі буынға өлмес өнегесімен, ерлігімен жетті. 1951 жылы 19 ақпан күні қазіргі Қытай аумағына қарасты Гансу өлкесінің Хайзы деген жерінде қолға түскен батыр, әуелі түйеге артылып, сосын машинамен Үрімжі қаласына жеткізіледі. Сол жылы 29 сәуір күні қытай әскери сотының үкімімен…

Read More

1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Үлкен Қаратал ауылында туған. Еңбек жолын 1971 жылы облыстық «Коммунизм туы» («Дидар») газетiнде корректорлықтан бастаған. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін, «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде, «Жазушы» баспасының поэзия редакциясында қызмет істеген. 1983–1985 жж. М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. Бұдан кейін Қазақстан телеарнасының жастар редакциясында, «Жазушы» баспасының сын редакциясында редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлiмiнiң қызметкерi, 1988–1991 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1991–1993 жж. «Жас қазақ» газетінің Бас редакторы, 1993–1997 жж. ҚР Сыртқы істер министрлігінiң ЮНЕСКО iстерi және мәдени байланыстар басқармасында, 1997–2001 жж. ҚР…

Read More