Автор: admin

Қазақтың абыройын жер жаһанға көтерген Қажымұқан балуан Семей қаласында ел құрметіне бөленіп жүргенде бір отырыста мынандай сұрақ қойылыпты: – Осы біздің қазақта дәл өзіңіздей күшті бар ма? Болды ма, кезікті ме? Сонда Қажекең: – Бар ғой, менен де күштілер болған. Балуан Шолақ ағамызды барлығың білесіңдер. Дәл осы қалада да бір мықтыға жолыққаным бар, – деп әңгімесін бастапты. – Осындағы бір азамат жалғыз өзімді қонаққа шақырды. Көбіне елге сыйлы азаматтар, әншілер мен өнерпаздар бірге ілесіп жүретін. Шақырғандар барлығымызды қоса шақыратын да, отырыстың өзі көңілді, қызықты өтетін. Шақырған үйдің мол дастарқанының төрінде жалғыз мен. Үй иесі сөзге сараң, әлденеге алаңдаулы. Бір уақытта…

Read More

«Номад» тобының жетекшісі  Жайдарбек Кунгужинов жуырда «Неудержимые-2» фильмінің түсірілім жұмыстарына қатысқандарын айтады. Бұл лентада басты рольдерді Голливудтың басты «баскесерлері» Сильвестер Сталлоне, Арнольд Шварценеггер, Брюс Уиллис, Джейсон Стэтхем және тағы басқа әйгілі актерлер сомдайды. Топтың негізін қалаған Жайдарбек Кунгужинов — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, каскадер, жоғарғы категориядағы трюктер қоюшы, Кинематографистер одағының мүшесі, Халықаралық трюк өнері фестивальдерінің көп дүркін жүлдегері. Айтуынша, голливудтық фильмді түсіру барысында 1 каскадер қаза тауыпты. Абырой болғанда, еліміздің майталмандары дін-аман. Жалпы, бұл қауіпті жұмыстардың бірі болып есептеледі. Жыл сайын әлемде 2-3 каскадер көз жұмады. Басын қауіп-қатерге тігетін бұл жандардың қызметі  бір апта үшін 800 АҚШ долларынан бастап…

Read More

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес бригадалық-тактикалық оқу-жаттығулар 2014 жылғы 14-18 сәуір аралығында өтіп жатыр. Алматы облысының Іле жағалауынан бастау алған әскери жауынгерлік дайындыққа барлығы 2 мыңнан астам әскери қызметкер мен 500-дей жауынгерлік машина қатысты, олардың ішінде жүзі бронды техника. Бұл өткізіліп отырған оқу-жаттығуының ерекшелігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет әскери техниканы өзен арқылы түнде алып өтуі болып отыр. Фоторепортажды түсірген Нұрғиса Елеубеков  tengrinews.kz

Read More