Жуанған (жотақажы) Мәйті ұлы (1820 ـــ 1904) молқы руынан. Ең алғаш молқыдан шыққан би жанторы (көгедәйді Бейжиңге апарушының бірі) өзі картейгенде билігін жуанғанға беруді өсиет етіпті деседі. Кейде жуанғанды бала күнінде қасына ертіп баулыпты деседі, не болса да, жуанған ержете жоталы, алымды, ақылгой, көреген болып ержетті де, бір молқы руы емес, он екі керейге сөзі өтті. Жуанған Өралтайдағы елдің мәдениет — экономикасының дамуына, басқа ұлттармен берекелесе тірлік етуіне айырықша еңбегі сіңген жоғары лауазымды би болған адам. 1875 — жылдары жуанған сырттан мырзабақа сияқты молдаларды әкеліп, өз ауылымен бірге көшіп жүретін медресе ашқан. Ақыт үлімжі ұлы сияқты балалар осы медреседен оқыған. 1870 — жылдарда көктоғайдың «сәртерек» деген жерінде үш ауызды медресе салдырған, елді қанша дүркін жәугершіліктен қорғап, аман алып қалып, кейде Қобда жеріне, кейде көктоғайға қоныстандырып, сақа айғырдай қамқор болған адам.
1882 — жылы қаңтарда мәнчиң үкіметі батыс сібер губернәтөрінә хат жолдап, Алтай Қазақтарынан жуанған мен жәңгір сынды екі адамға жарым жылдық «Алтай» қажылық сапарына барып қайтуға жолхат «паспорт» бытыруымен қажылық сапарға барған. Осындай төбе би жуанғанға халық:
Молқының биі жуанған,
Тұлпарға мініп ту алған.
Бытырап жүрген молқы атаң,
Алтайға келіп құралған, ـــ деген өлең жолдарымен еңбегін ерекше жоғары бағалап, кейінгі ұрпақ жадына қалдырған.
Баяхымет Жұмабайұлы
kerey.kz


