Украинаның мемлекеттік шекара қызметі елге «әскер жасындағы» ер адамдардың кіруіне шектеу қою мақсатында Ресеймен шекарада бақылауды күшейтетінін хабарлады. Ресейдің мемлекеттік «Аэрофлот» әуе компаниясының хабарлауынша, Украина билігі ел аумағына ресейлік 16 мен 60 жас аралығындағы ер адамдардың кіруіне тыйым салған. Украина шекара қызметінің өкілдері Азаттыққа Ресей ер азаматтарына мұндай тыйым салынғанын растады. Ресей сыртқы істер министрлігі Киевтен тыйымның не себептен салынғанын түсіндіруін талап етті. Министрліктің хабарлауынша, Мәскеу бұған «жауап шараларын» қарастырмақ. Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Автор: admin
17 сәуірде Оралда атыс болып, екі адам зардап шекті, — деп хабарлайдыТengrinews.kz сайты «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап. Оқиға Әбілқайыр хан даңғылы мен Сергей Тюленин көшесінің қиылысында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, жол жиегіне басқа мемлекеттің мемлекеттік нөмірін таққан бір джип көлігі тоқтаған. Автокөлікке бір топ жігіт жақындап, машинада отырған азаматпен әлдебір мәселені талқылаған. Бір мезетте көлікте отырған азамат терезесінен тапанша шығарып, ата бастаған. Артынша әлгі көлік оқиға болған жерден жасырынып үлгеріпті. Осының салдарынан 2 азамат жарақат алып, облыстық емханаға жеткізілді. Журналистер зардап шеккендердің біреуімен тілдесуге мүмкіндік алды. 25 жастағы оралдық тұрғынға джиптегі адам көлікке отыруды талап еткен. Бірақ жігіт танымайтын азаматтың машинасына…
Ата-бабамыздан қалған киелі өнерді тамаша, жетік меңгеріп, мына заман, бүгінгі буынға жеткізіп, солар арқылы ертеңге аманаттап жүрген ұлт рухының жебеушілері – аға буын құсбегілеріміздің алдында қалай бас исең де жарасады. Осындай аға буын өкілдерінің бірі де бірегейі, қарт құсбегі- Бәйтей Бабиұлы. Ойғыр, Қобда, Сақсай, Тұрғын – төрт өзенді алабына сыйғызып, бұлдырап жатқан кең өлкеде туып-өсіп, Тәңірінің берген ырыздық-несібесін терген Бәйтей ақсақалдың осы бір киелі өнерге деген қызығушылығы қанмен келген қасиет дер едік. «Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге» – дегендей, Бәйтей ақсақалдың арғы-бергі аталарында өнердің әр түріне жуық жандар көп болған екен. Орта жүз ішіндегі…

