Мәми жұртбай ұлы. Алтайдың бітеуірге деген жерінде 1856 — жылы туылып, 1920 — жылы 7 — айдың 23 — күні ауырып қаза болды.
Бала күнінде атақты сәбит нұрмұқамет ұлынан білім алған, зерек те қағылездыгымен діни қағидаларға итағаты күшті болған.
1840 — жылы апиын соғысында чиң патшалығы жеңілісіе ұшыраған орайда, шапқыншы елдермен арт — артынан тексіз шарттарына қол қойып жатқан жұңго жағдайы 1820 — жылдан бері Шинжияң, жүйеден Алтайға көз тіккен ресейдің де арам ниетін іске асырып, 1864 — жылы «жұңго — ресей сөлтүстік шекараны өлшеп, айыру тоқтамына» қол қойған, 1881 — жылы «жұңго — ресей іле шарты», 1882 — жылдан 1884 — жылдың маусым айына дейін шекараны тексеру жұмысы, 1882 — жылғы «жұңго — ресей Қобда шарты», осы жылдың 13 — қаңтарда жасалған «жұңго — ресей, Тарбағатай батыс сөлтүстік шекара шарты», 1883 — жылы шекара бөлісі сияқты тарихи, саяси жағдайларды өз басынан өткізген мәми 1890 — жылдардан бастап, ресіми әкесінің билік орнына отырып, ел басқару жұмысымен шыңдалып ержетті. Әдыл де адалдығымен елге жақты. Сондықтан да бықыш шешеннен «керейден мәми кетсе, ақыл кетсе, қара Оспан кетсе, айбар кетеді» дегені олардың нағыз шынайылығын айту еді.
Мәми берекенің адамы болды. Мысалы, анау найманның бура руын өзіне тартып, «бір тәйжі екі үкірдей ел болады» деп, иманбай сияқтыларға лауазым алып берсе, қарағұлға да залыңдық лауазым әперіп, елін қолтығына тартады. 1870 — жылы атантай елі, 1880 — жылдары өзіне қарасты тәсбикені, жамысбай бастап бөлініп ауғанда, сырттан келген елді олардың орнын бастырып, оларға ыстық ықыласпен мән беріп келді.
Мәми дінді дәріптеумен бірге осы заман ғылымына да, жаңалықтарға құштар, озық ойлы адамдармен етене, идейәсі озық болды.
Мәми бейсі 1913 — жылдарда шәкерім құдайберды ұлымен хат алысып, Қазақ шежіресі тарихы жөнінде пікір алысқан екен.
Мәмиге чиң үкіметі алғаш үкірдәй, кейін тәйжі мәнсәбін берген, жұңхуа мингөнің бірінші құрылтайынан кейін 1913 — жылы бел бейсі (саяси, әскери уәзір) мәнсәбін сыйлайды. Ол мәнсәп алған 30 жыл бойында өз тұрғыларынан көреген, сұңғылалығымен көзге түсіп танылады.
Мәми бейсі «Төрт би төре» тұсында алқада ұсынылған чиң патшалығына мақұлданған түтіні мың үйге толған руларға тәйжі, үкірдәй лауазымын беріп шығару жарғысын қатаң атқарып, өзіне алмандас болып тұрған, базарқұл, шақабай, ботақара сияқты руларды тез өз ісін өздері басқаруға шығарып, халқының разылығын алып отырды.
Мәми бейсі ел ағасы болып қалмастан, ордасы ат байланатын Алтайдың оқу — ағарту, мәдениет орталығы болды. Әсіресе, мәми кезінде өзі білім алғаны медресені 1890 — жылдардан бастап «Абақия» мектебіне өзгертіп, мұнда мұғалым әуел (әліппе), мұғалым сәнни (құран танудың екінші оқулығы), есеп (жай бөлшекке дейін), наху сарып (араб ана тілі) өтетін білімділерді жинап, оқушы оқыттырып, 1920 — жылдардан бастап тарих, жағырапия, ән, дене тәрбие, сызу сабақтарын ахымет байтұрсын әліппесімен дәріс өткізді, мысалы, сейтқазы нұртаев (көкшетаулық арғын ішінде атағай руынан, 1880 — жылдары туылған, Қазақстанда қарқаралы көтерілісіне қатынасқан, осы байланыспен қудалауға түсіп, 1909 — жылы мәмидің «Абақия» мектебіне оқытушы болып келіп, ән, тарих, жағырапия сабағын беріп, орысшадан оқулық аударып, мектепті қамдап отырған әрі мектеп жауаптысы болып қызмет атқарған) .
Міне осындай қыруар зиялыларды өз төңірегіне топтаған. Мәми барлық Қазақтың иесі болды, оның барлық ерекшелігін әсет ақын былай жоқтаған еді:
ـــ зор панар, адасқанның шамшысы еді,
Шабанның қасиетты қамшысы еді.
Тілі балға, көңіл ـــ төс, аузы ـــ қышқаш,
Наданның мінін кескен қайшысы еді.
Керейдің малын бақпай, өзін баққан,
Әрі би, әрі иесі, жалшысы еді, ــــ десе, ақыт үлімжі ұлы да:
ـــ мәмидің алды абырой, арты дұшпан,
Жан екен айбатынан жан ығысқан, ـــ десе, күдері ақын:
ـــ керейдің би төресі жиылады,
Мешіттен кеңес сәулеп құйылады.
Кермиық келістіріп сөйлегенде,
Басқа ұлық аузын бағып тиылады, ـــ деп жырлайды.
Иә, мәкең 1920 — жылы 7 — айдың 25 — күні ауырып қаза болғанда жұңхуа мингө орталық үкіметі 500 сәрі ақ күміс жерлеу ақысын босатып, Алтай аймағының дауияңы жаң миңюан арқылы көңіл айтқан екен.
Балта шынуаң. 2007 — жылы 1 — айдың 21 — күні «Алтай газеті» қытайшасында яң жияйыңнан мақаласынан қысқартылып алынды және Тарбағатай шежіресімен толықтанды.
Балта уаң (енді бір аты баужин) (1882 ـــ 1920) Шинжияңның шиху өңірінің шигөшір ауылының адамы, торғауыт мыңжыңның (аймағы) алтыншы жүнуәңі байырдың жалғыз ұлы, мүрәгері. Гуәңшүйдің 24 — жылы (1898 — жылы) 16 жасында мәнсәп алған. Балтаның арғы ұлы әкесі дамбар 1771 — жылы 170 мың торғауытты бастап, орта азиадан көшіп келген, содан бері ұрпақ қуып, билік жүргізген. Балта гуәңшүйдің 29 — жылы (1903 — жылы) чиянлұң патшасының сыйлығына ие болған. Гуәңшүйдің 30 — жылы (1904 — жылы) патшадан үш көзды көк тасқа ие болған. Ол Бейжиңде тұрып, патша сарайындағы ең беделді адамдардың бірі болғандықтан, чиң патшасының қақпасынан емін — еркін енетін болды. Бұндай бедел 20 дан асқан балтадан басқа көп адамдардың қолынан келмейтін салауат еді. Балтаның бұндай беделге ие болу себебі ол алғыр, оқуда үздік, саясатқа жеттік, идейәсі ашық, алғабасар болып өсті. Реформалап, жаңалыққа талпындыруға белсенді болды. Көне, ескі идейәләрді аластап отырды.
Ол Бейжиңде тұрғанда европа құрлығына шығып, ондағы даму, өзгерістерді көріп, ел ішіне реформа жүргізу арман — талабын патшаға талай өтінді. Бірақ, оның бұл ойы тек Жапонға шығуға ғана сәтті түсті. 1906 — жылы (шежіреде 1905 — жылы делінеді) Жапонияға барып, «жың у» офитсерлер мектебінен әскери істерді оқып, ондағы иән сайсан сияқты алғабасарлармен танысып, идейәсі бұрынғыдан да алғабасарлыққа ұмтылып, әрі сол кездегі жұңгодан шетелге бірінші рет шыққан адам болып, 1909 — жылы 3 — айда қайта оралды.
Ол Жапонға барып қайтқан соң, шихудағы еліне келіп жүріп, тарихтан яғни чиянлұңның 36 — жылдар (1771 — жылы) дан бері «жырғалаң көшпенділері» деген атқа ие болған көшпенді торғауыт туыстарын оқу — ағартуды дамытуға, отырықтасуға жұмылдырып, 1901 — жылдары екі қабат үй салдырып, көшпенді жүнуәң ордасын отырықтандырады. 1911 — жылдардан бастап, ел ішінде өзгеріс туылып, Чиңхай төңкерісінің жеңісі айшын жоло патша құлап, юан шыкай таққа отырады, осындай кезде өзінің қамқоры болған патша ордасының құлағанына іші ашыған балта әз ана лұң уи жақта тұрып, 1912 — жылы 2 — айдың 12 — күні лиң уи тайхудың чуантұң патшаның атымен шақырып ашқан орда жиынында уәзірлер арасында республика құруға қарсы болды.
1912 — жылы 5 — айдың 17 — күні юан шыкай балтаны Қобда, Алтай іс басқару мәнсәптісі, батыс терістің шекара қорғаныс бастығы етіп белгілеп, оның қарауына әрмия, әдылия, халық істер, сыртқы істер сияқты түрлі міндеттер мен батыс терістік дубаны міндеттерімен келеді.
Жаңашыл балта патшаның құлап, жаңа үкіметтің құрылу саясатын да тез құптап, сәйкесіп, юан шыкайды қолдады. Балта 1912 — жылы Бейжиңнен шығып, 6 — айдың 10 — күні (шежіреде алғаш Қобдаға келіп, соңынан Алтайға келген делінген) орман мен жамылғыға бүркенген Алтайға келеді. Бұл кезде 1869 — жылдары Тарбағатай уаңы (шаған кеген болуы мүмкін ـــ автор) келіп, салдырған 680 ауызды үйі бар Сәрсүмбе бұтханасының аты мен бұрынғы «сиң янжин» аты қалып, «Сәрсүмбе» атанған кезі еді. Осында келген балта, билігіне отырып, елмен, жермен танысады.
Балта Алтайға келе 1912 — жылы 7 — айдың ішінде шар патша мен Моңғұлия шапқыншыларының тынышсыздығына тап болады. Ол мынау ет, жүн базасына айналған Алтайды мықты ұстап тұру үшін өз билігін сәулелендіріп шекара саудасына қол қойып тұрып шекараны мықты сақтады. Мысалы, 1912 — жылы 8 — айдың 20 — күні сырт Моңғұлдың күлін әкімшілігін шар россия басып алып, Алтайдың сақсай деген жеріне дейін келеді, әскери күші әлсыз балта Яң Зыңшинға хабар беріп, көмек сұрайды, осы кезде Яң Зыңшин үрімжіде неше мың адамда құрал, орақ беріп, Алтайға барып жан бағыңдар» деп қойәберсе, іледен қыруар әскер еніп, осы әскерлердің 1182 аты мен бес мың әскерге жем — шөп, азық шығару Алтай халқына ауыр қиындық ала келеді. Мысалы, 1 миллион 600 мың жың жем, 380 дән қара бұршақ, 89 дән басқа жем (бір дән алты сәрі, жазға салым сегіз сәрі күміс, ал манастан Алтайға жеткізілетін жемнің әр дәні он екі сәрі күміске тең), міне осындай қиындық жағдайды балта өте дұрыс шешті, Алтайда билік әкімшілік жүйелерін орнықтырды әрі бекемдеді, егін шаруашылығы, қазына, сақшы, әскери әкімшілік орны, халық істері, т.б орындар құрды. Қаба, буыршын өңірінде халық істер мекемелерін құрды. Әскери істерді ретке салып, екі атты әскери қосын, бір зеңбірекшілер, екі иыңын құрып, әскерлердің айлық еңбекақыларын тұрақтандырды.
Моңғұлия, россия, жұңго соғыс тоқтату уақыттық жобасын мақұлдап, Яң Зыңшинмен бір ауызда болып, шекараны белгілеуге қосылмады. Сөйтіп, «шаған төңке» шекара қорғанысының қолбасшысы ержүрек батыр болған, 1913 — жылы 1 — айда зұңтұң «балта республикашілдәрді алдымен қолдап, елеулі еңбек сіңірді, қол бастап шекара жағдайын оңалтты» деп бұйрық арқылы құрлық армияның жоғары шені мен екінші дәрежелі өрденімен сыйлады. Шебер, ақылды, жүректі балта 1914 — жылы демікпе ауруға шалдыққанын орталыққа мәлімдеп, демалуға өтініш білдіріп, 10 — айдың 7 — күні Алтай іс басқару орнының уаңы қорғаныс министрлігі сынды міндеттерінен қалдырылып, орталық кеңесшілер орнына барып жұмыста болады да, 1917 — жылы Жапонға барып емделіп, 1920 — жылы 3 — айда Бейжиңге қайта келіп, 4 — айда 38 жасында дүниеден өтті. 7 — айында оның баласы манзу сұң дожи сүйегін шихудың шигішүр деген жеріне әкеліп, қазіргі қату буқуға әкеліп жерледі.
Баяхымет Жұмабайұлы
k erey.kz



