Автор: admin

Сапар Қазақ Байбақты Уа дала, кәрі дала, ана дала, Төсіңді еміп өскен қанша бала! Не көрмедің, нелер көріп жатырсың сен, Жоқ сенде үндеместен өзге шара… Есіңде бәрі сенің ақтармассың, Жадтағыны айтатын біздер ғана. Қойныңда сыр еткенді кейде-кейде, Тауып алып жатамыз қазып қана. Және сенде ашу жоқ тау, теңіздей, Келесің әзел бастан болып қойма. Сен көрдің, куә болдың, ғалам білер, Талай-талай нәсіл мен замандарға. Куәсің, Түрік бабам ерлігіне, Шомылған төсің үшін қызыл қанға. Сол бабамның: “Анам дала менікі!”-деп, Көкке дейін дабысы жаңғырғанға. Аяғын созып жатып ембек үшін, Еділден өткеніне, жетіп Донға. Пайғамбарлар Мөрі әкелген нұр зиядан, Бабам Түрік ақ жүрекпен нәр…

Read More

Dosay Kenjetay Айдың соңында Иасауи университетінің туған күні аталып өтпекші екен.. Атаулы күнге орай алғашқы түлек ретінде маған бірнеше сауал жолдапты. Солардың біріне жауап бере отырып ФБ достарыммен де бөлісейін дедім…. Студенттік жылдардағы қызықты оқиғаңыз? Қызықтар көп болды ғой…Студент кезімде университетте «айтыс ошағын жандандыру» деген біз үшін үлкен шабыт көзі болды. Жыл сайын өзім бітіріп кеткенше осы студенттер арасындағы айтысты қолға алдым. Бірінші курста оқитынмын. Бір күні, қалалық мәдениет бөлімінің бастығы Әбдікәрім ағам келіп, «Түркістан ауданының 60 жылдық тойы болады. Соған екі жұп ақындар айтысын ұйымдастырып бер» деді. Бірінші жұпқа Асқар Дүйсенбі мен Жұмахан Дүйсенбиев бар, ал енді екінші жұп жоқ.…

Read More

  Ақ сауытын киініп, ата бабаның ақ туын көтеріп, қазақ даласының аумақтық тұтастығы мен шекара шебінің бүтіндігін қас қақпай күзетіп, қасық қаны қалғанша Жоңғар дұшпандарымен айқасып, қасиетті атамекеннің сынық сүйем топырағын жауға таптатпай азат еткен аруақты батыр, қаһарман хандар, ақылман билер бүгінгі әлеуетті де сәулетті Қазақ елінің терең тамырына нәр беретін сарқылмас қуат десек болады. Сондай батырлардың бірі – биыл туғанына 300 жыл толып отырған жаужүрек сардар, қабырғалы би, көреген қолбасы Ер Жәнібек Бердәулетұлы. Елім деп еңіреген, жекпе-жекте…

Read More