Автор: admin

Бүкіл әлемге танымал «YouTube» видеохостингі жаңа 15 тілмен толықты. Олардың қатарында қазақ тілі де бар. — «Google» компаниясының интернет-сервисі – «YouTube» тағы 15 тілмен толығып отыр. Нәтижесіндевидеохостинг әлемнің 76 тілінде қызмет көрсете алатын болады, — дейді сайт қызметкерлері. Бүгінде «YouTube» видеохостингін ғаламтор пайдаланушыларының 95 %-ы қолданып келеді. Сайттағы видеолар күнделікті шамамен 2 миллиард рет көріледі. «YouTube» видеохостингіне қазақ тілінен өзге әзірбайжан, армян, бирман, грузин, кхмер, қырғыз, лаос, македон, моңғол, непаль, пенджаби, сингаль, албан, өзбек тілдері де енді. Бұл қолданушылардың іздеу жұмыстарын жеңілдетпек. massaget.kz

Read More

Елбасы Қазақстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады-деп хабалайды президент баспа сөз қызметі. Ж.Түймебаев Мемлекет басшысына Түркиямен арадағы екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен даму келешегі туралы баяндап, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимыл көрсеткіштерінің жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның алдағы мемлекеттік сапарының дайындығына қатысты мәселелер талқыланды. Кездесу барысында бұл сапар қазақ-түрік ынтымақтастығын одан әрі нығайту және оның аясын кеңейту ісіне қосымша серпін беретіні атап өтілді. Соңында  Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Read More