ҚР СІМ-де қазақстан-британдық қарым-қатынастың болашағы талқыланып, Ауғанстаннан жүк тасу транзиті туралы құжатқа қол қойылды Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары баронесса Сайида Варси екіжақты қарым-қатынастың әрі қарай даму болашағын, сонымен қатар бірқатар халықаралық өзекті мәселелерді талқыға салды. Әңгімелесуші тарап екіжақты қатынастың белсенді даму ерекшелігін атай отырып, оған 2013 жылғы шілде айында Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстанға жасаған сапары мен сол айда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Лондонда британдық үкімет басшысымен өткізген кездесулері елеулі қарқын бергенін жасырмады. Е.Ыдырысов пен баронесса Варси сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның жұмысының маңыздылығын атап өтті. Оған…
Автор: admin
Бүгін еліміздің қарулы күштерінің Аэромобильді әскерлерінде бригадалық-тактикалық жаттығулар басталды, — деп хабарлайды kerey.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2014 жылғы 14 сәуірде Аэроұтқыр әскерлері толық жауынгерлік әзірлікке келтірілді және шартты жауынгерлік іс-қимыл аудандарына жеткізілді. Жауынгерлік аудандарға марш жасау барысында десантшылар басқару, өзара әрекет ету, бөлімшелердің ауызбірлігі мәселелері шешіледі және түнде Іле өзенінен жүзіп өтеді. Аэроұтқыр әскерлерінің төрт гарнизоныны үш бағыт бойынша көпшақырымды марш жасайды. — Өткізілетін оқу-жаттығудың ерекшелігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет техниканы өзен арқылы түнде алып өту болып табылады. Оқу-жаттығуларға барлығы 2 мыңнан астам әскери…
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат — Алматыда 165 көшенің атауы өзгертіледі. Бұл туралы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Мамай Ахетов мәлімдеді.«Соңғы жүргізілген сараптама барысында қала бойынша атауы қайталанатын 165 көше бар екендігі анықталды. Оның ішінде Абай көшесі 3 рет, Мұхтар Әуезов атауы 2 рет, Клочков атауы 2 рет кездеседі. Мұндай келеңсіздіктер қаладағы шұғыл қызмет өкілдеріне жұмыс істеуге қиындық туғызады. Соның ішінде 50 көшенің атауы тарихи тұрғыдан ескірген», — деді қалалық Тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Мамай Ахетов. Оның айтуынша, 2010 жылдан бері қалада ономастикалық атауларды өзгертуге мораторий жарияланған болатын. Аталған мораторий 2013 жылдың 21 қаңтарында «Кейбір заңнамалық актілерге ономастикалық…

