Хакас Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашев Ресейдің Шығыс Қазақстанға таласы жайлы пікірге қатысты қазақстандықтардан кешірім сұрады, — деп хабарлайды «Шанс online». «Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жеткізген менің ой-толғамдарымның екіұдай түсініктің қалыптасуына себеп болғанына қатты өкінемін. Мен үлкен көпұлтты тату ұжымы бар балалар үйінде өстім. Бұл соғыстан кейінгі жылдар еді. Менің түрлі ұлттан достарым пайда болды, олармен әлі күнге дейін байланыстамын. Біз әрқашан тіл табыса білдік және бір-біріміздің тамырымызды құрметтей білдік», — дейді Штыгашев. Ол Ресей империясының, кейін КСРО шекарасының тарих қатпарында қалай өзгергені туралы өз ойларының басқаша жеткізілгеніне қатты таңданғанын айтты. «Мен ешқашан ешқандай елге, соның ішінде, Қазақстанға тарихи құқығымыз…
Автор: admin
Атышулы «Қорғас ісіне» қатысты үкім шықты деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі әскери аудандық сот залынан. Істегі негізгі айыпталушылардың бірі Талғат Қайырбаевқа қылмыстық істі ұйымдастырды, экономикалық контрабанда, ақшаны қылмыстық жолмен заңдастырды, пара алуға жол берді деген айыптар тағылып, ол 16 жылға бас бостандығынан айрылып, сот дүние-мүлкін тәркілеуге қоса үкім кесті және Қайырбаев жазасын қатаң мерзімдегі коллонияда өтетін болды. Сондай-ақ оған бостандыққа шыққаннан кейін де үш жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынды. Қылмысқа қатысы бар тағы бір тұлға Бақыт Отарбаев 13 жылға бас бостандығынан айрылды. Отарбаевтың да дүние-мүлкі тәркіленіп, оған да 3 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысыуына тыйым салынды. Жоғары лауазымды тұлға Талғат Жақаев пен Ерлан…

