Елімізде қазақтардың үлесі 65,6 %-ды құрады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Халық санының ұлттық құрамына келетін болсақ, жыл басындағы жағдай бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлес салмағы 65,6 пайызға жетті. Орыстардың үлес салмағы — 21,5 пайыз, өзбектер — 3 пайыз, украиндар — 1,8 пайыз, ұйғырлар — 1,4 пайыз, татарлар — 1,2 пайыз, немістер — 1,1 пайыз. Яғни, бұл жеті ұлт 1 пайыздан көп үлес салмағы бар ұлттар», — деді Ә.Смайылов.
Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі қазақтардың үлес салмағына тоқталған агенттік төрағасы: «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қазақтардың үлес салмағы — 34,2 пайыз, орыстар — 49,9 пайыз, украиндар — 4,5 пайыз, немістер — 3,5 пайызды құрап отыр. Ал Павлодар облысында қазақтардың үлес салмағы — 49,8 пайыз, орыстар — 37,2 пайыз, украиндар — 4,8 пайыз, немістер — 2,8 пайыз. Қостанай облысында қазақтар 38,8 пайыз, орыстар — 42,1 пайыз, украиндар — 8,9 пайыз, немістер 3,2 пайыз үлесті құрады»,- деді.




