Ел тәуелсiздiгiн қорғауға баршамыз атсалысайық! Қадiрлi Отандастар! “Елдiгiмiздiң ертеңi не болмақ? Сан ғасырлар бойы аңсаған, ата-бабамыздың арманына айналған Тәуелсiздiктi сақтай аламыз ба?” деген мәселе төтесiнен қойылған кезеңге тап болдық. Халқының саны Қазақстаннан үш есе үлкен Украинаның Қырымын Ресей үш аптада тартып алғанын көргенде “бiздiң тағдырымыз қандай болар екен?” деп ойланбаған саналы азамат жоқ шығар, сiрә. “Қорыққанға қос көрiнедi” дейдi қазақ, сондықтан, әрине, өз-өзiмiздi үркiтiп, үрейлендiрiп, шошытудың қажетi аз, бiрақ, “сақтансаң, Құдай да сақтайды” деген сөз тағы бар. Демек, сақтануымыз, қорғануымыз, ойланып, болып жатқан жайттарды сарапқа салып, ертеңгi күнiмiзге, мемлекеттiң болашағына зер салып қарағанымыз абзал. Ал егер ақылымыз, көрегендiгiмiз болса, онда, ең…
Автор: admin
ҚР СІМ Баспасөз хатшысы Н.Айтмахановтың Хакасия Республикасының Жоғарғы кеңесінің төрағасы В.Штыгашевтың мәлімдемесіне қатысты түсініктемесі Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Хакасия Республикасының Жоғарғы кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашевтың Қазақстанның шығыс облыстарына Ресейдің тарихи құқығы бар-мыс деген ретсіз мәлімдемесіне назар аударды. Сонымен қатар, біз Хакасия Республикасының Жоғарғы кеңесінің шенеуніктерінің В.Штыгашевтың сөздерін БАҚ өкілдері бұрмалады-мыс деген мәлімдемесіне де назар аудардық. Алайда, қалыптасқан жағдайда мұндай түсініктемелер жеткіліксіз және қанағаттандырарлық емес деп есептейміз. Сондай-ақ, біздің қоғам В.Штыгашевтың мәлімдесін өткір сынмен қабылдағанын білеміз және қоғам мүшелері Қазақстан мен Ресей Президенттері Н.Назарбаев пен В.Путин 2005 жылғы 18 қаңтар күні қол қойған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында қазақстан-ресейлік мемлекеттік…
Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014 жылы шығарылатын өнімдердің тұсауы кесілді, онда «Абайтану әліппесі», «Даналық әліппесі», «Электронды қазақ үй» және басқа да интерактивті өнімдер бар. Тұсаукесер рәсімі Мәдениет министрі А.Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылады. Шараға Мәдениет министрлігінің жауапты қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, филолог-ғалымдар, елімізге танымал қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және оқырман қауым қатысты. Шара аясында Тіл комитеті тарапынан шығарылған барлық өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды. «Ұлас-Электрон»ЖШС-ның алғашқы өнімі – «Электронды қазақ үй» жобасы алғаш рет таныстырылды. Ол – иісі қазақтың игілігіне жарайтын таңдаулы заманауи тәрбие құралы. Киелі Қазақ үйдің…

