Автор: admin

Украинаның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі «елдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін Ресей арнайы қызметінің тапсырмасын орындап жүрген ресейлік тыңшы әйелді» қолға түсіргенін хабарлады. 22 жастағы ресейлік Мария Коледа 9 сәуірде Украинаның оңтүстігінде ұсталған. «Мария Коледа Ресейді қолдаған демонстрациялар кезінде оқ атып, үш адамды жаралағанын мойындады» дейді мемлекеттік қауіпсіздік қызметі. Бұған қоса қауіпсіздік қызметі Коледа ресейлік «тыңшыларға» өзі және серіктері «шексіз көп жарылғыш заттарға ие болғанын және Донецкіге астыртын диверсанттар тобын жібергенін хабарлаған» дейді. Коледоны білетін ресейліктер оның «Другая Россия» радикалды ұйымы қатарында болып, кейін Кремльге бүйрегі бұратын «Юная Россия» ұйымына өтерінде саяси көзқарастарын бірнеше рет өзгерткенін айтады. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Read More

Mukan Isahan Жол түсіп 2005-ші жылы Үрімшіге барған болатынбыз. Бірге оқыған Бекболат досымның сондағы құдаларының үйінде бірнеше күн мейман болдық. Бекеңнің бір әпекесі кезінде Шыңжанның денсаулық сақтау уәзірі болған Шаламай ақсақалдың туыс інісі Қасейге күйеуге шыққан. Екі әулет Бекеңдер сонау Гансудің Ақсай қазақ ауданында тұрған 80-ші жылдардан бермен құда-жегжат болып араласады екен. Құда болып қыдырып келгендіктен күнде бір қонақасы беріледі. Барған жерде қымыз ішіліп, қазы-қарта желініп, ас ішіп, аяқ босатқаннан соң Қазақстан мен Қытайды салыстырып, саясаттан әңгіме соғамыз. Бір күні кеште Шаламай ақсақалдың үлкен ұлы Қуанхан «Менің немере ағам» деп бір жігіт ағасын жанұясымен қоса үйінде қонақ қылды. Қол беріп…

Read More

«Қарақас шежіресі» 2012-жылы Парахат қалыкей ұлы мен Баяқымет жұмабай ұлының бас болуында кітап болып шығып 7-айдың 14-күні көрікті көктоғайда таратылу салтын өткізіп шинжияңның жер-жерінен және қазақстаннан 500дың үстіде қарақас әулеті жиылып бас қосып майрағайда-тайрағай кітап тарату салтын өткізді . Алғашқы сегінәл нұсқа таратылған соң қайталай қалғандарды толықтау, жинау апарылып 2013-жылы 15-наурызда екінші толықтанған басылымы баспадан шықты . Бұл реткі кітаптың жалпы бет саны 1060-бет болып кемелді шежіре қатарында тарқатыла бастады . kerey.kz

Read More