Автор: admin

Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ Қазақстанда 2 сәуірде үкімет ауысты. Азаттық осыған орай ел премьер-министрі қызметін атқарған адамдарды шолып шықты. 1Сергей Терещенко тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі (16 қазан 1991 жыл — 14 қазан 1994 жыл) болды. Оның тұсында Қазақстанның агроөнеркәсіп саласында нарықтық реформалар басталып, колхоздар мен совхоздар таратылып, жаңадан фермерлік және ұсақ шаруа қожалықтары құрыла бастады. Инфляция бұрын-соңды болмаған шарықтау шегіне жетті. Биліктен кеткен соң Терещенко Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктестерінің бірі болып қала берді. 1999 жылы мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлауда кандидат Назарбаевты қолдау штабын басқарды. Сайлаудан соң осы штабтың негізінде құрылған «Отан» партиясы кейін «Нұр Отан» партиясы болып атауын өзгертті.Сергей Терещенко қазір Қазақстанның бірнеше…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төр­ағалығымен өткен Сенаттың кешегі жалпы отырысында Төтенше жағ­дайлар министрінің міндетін атқарушы Владимир Божко елімізді «Қазақстан Ислам республикасы» деп атады.  Абыржығаннан екен. Сенаторлар ескерту жасады. «Сіз жаңылыс айттыңыз!–деді сенатор Бірғаным Әйтімова. – Хаттама үшін түзетуіңізді сұраймын». «Мен Иран Ислам республикасы, кешіріңіз, Ауғанстан Ислам республикасы деп айтқым келіп еді» деп тіптен састы Божко. Жалпы, ТЖМ-ның «уақытша басшы­сының» бұлай сөзінен жаңылып, қысы­лып-қымтырылуы бекер емес: Үкімет «Көкпектідегі қайғылы оқиға» аясында отставкаға кетіп отыр. Әрине, бұл Бож­коның иығына салмақ салуға тиіс. Ол «бөген бұзылардан бір күн бұрын соның басында болдық» деп бар жерде ақталуда. Қосымша арна қазып, суды бұруға жан­таласыпты, бірақ тау жынысына…

Read More

Мемлекет басшысы кездесу барысында Серік Ахметовтің қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлай келіп, оның басшылық жұмыста мол тәжірибесі бар екенін айтты. – Бүгінгі күні ол бұл қызметке ең лайықты адам деп санаймын. Біз қорғаныс министрі етіп азаматтық тұлғаны тағайындау бағытын ұстанып келеміз. Бізге қорғаныс кешені кәсіпорындарын дамытуды, армиямызды заманауи техникамен жабдықтауды жалғастыру, сондай-ақ мемлекет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті жақында өткен жедел-стратегиялық кеңес кезінде алға қойылған міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Соңында Мемлекет басшысы еліміздің Қарулы Күштері әскери міндеттерін орындауға әрдайым дайын болуға және өз кәсіби шеберліктерін ұдайы жетілдіріп отыруға тиіс екеніне…

Read More