Словакияның жаңа президенті отанына қызмет етудің теңдесіз үлгісін көрсетіп отыр. Наурыздың 29-да сайланған Андрей Киска мемлекет басшысы лауазымын атқаратын мерзім бойына айлықтан бас тартты. Ол, тіпті, сайлауалды науқанға да өз қаражатын жұмсапты. Шығын мөлшері президенттің бес жылдық жалақысынан да асып түскен екен. Словакия президентінің табысы жылына — 600 мың еуро. Ал, Андрей Кисканың жылдық пайдасы шамамен 700 мың еуроға тең. Киска саясатқа жақында келген. Дегенмен, ол бұған дейін де өз елінде онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға көмек көрсететін «Мейірімді періште» бейкоммерциялық қорының негізін салушы ретінде өте танымал болған. «ҚАЗАҚСТАН» РТРК АҚ
Автор: admin
ҚАНАТ ИСЛАМ: «КОММУНИСТІК ИДЕЯ – ҚАЙЫРШЫ МЕН ҚҰЛДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ ЕКЕН» Наурыз айының соңғы кешінде қазақтың батыр ұлдарының бірі, даңқты боксшы Қанат Исламмен сұхбаттасудың сәті түсті. Соңғы жылдары кәсіпқой бокстың дулы ортасында жүрген қандасымыз АҚШ-тан жұмыс бабымен келген екен. Алты Алаш порталының жігіттеріне боксшымен тереңірек сырласудың сәті түсті. АҚШ-та өткен жойқын жеңістеріңізден әрбір қазақ баласы хабардар. Сонда да оқырмандарымызға өз ауызыңызбен айтып берсеңіз. Қанат Исламұлы: Кәсіпқой боксты таңдап, сол жолға түскелі бір жарым жылға жақындады. Осы уақыт ішінде 16 рет жекпе-жек өткізіп, соның бәрінде айқын басымдылықпен жеңіске жеттім. Былтыр «Кариб теңізі аймағының чемпионы» деген белбеуді тақтым. Жуықта «Латын Америкасының чемпионы» деген…
Ағылшынның Daily Mail басылымында «Алтын қыз: Қазақтың салт-дәстүріндегі асыл құндылықтардың бірі — құсбегілік өнерін игерген он үш жасар жалғыз қыз» деген тақырыппен мақала жарияланды. Онда Моңғолияда тұратын Айшолпан (Ashol Pan) есімді 13 жастағы қыз әлемдегі ең жас құсбегі екендігі айтылған. Бір кездері израильдік әскердің фотосуретшісі болып жұмыс істеген Ашер Свиденский PR саласына ден қойып, одан туристерге жолнұсқаушы болып жұмыс істей бастаған. Ол көбінесе Моңғолияның таулы аймақтарын бетке алып, сол өңірлердегі мәдениетті суретке түсіруді ермегіне айналдырған. «Әсіресе, ол өз суреттерінде бүгінде көмескі тартып, жоғала бастаған ежелгі салт-дәстүрлердің бірі құсбегілік өнердің өкілдеріне ерекше мән береді» деп жазады басылым. Жалпы, моңғол тауларының бөктерінде…

