Автор: admin

Батыстағы оқушы балалар бір-бірінің қандай бағамен оқығанын білмеген күйі мектеп бітіреді. Мұғалім әркімге өз бағасын жеке хабарлап отырады. Өйткені әркімнің оқу үлгерімі жеке бас мәліметі болып саналады. Ал ата-аналар жиналысында әр әке-шешемен мұғалімдер нақты уақыт белгілеп, 20-25 минут бөліп, бөлек кездеседі. Баласының үлгерімі мен мінез-құлқын жеке талқылайды. Көптің көзінше бірін көкке көтере мақтау, екіншісін жерге тығып ұялту жоқ;) Ал жалпы жиналысты ата-аналар комитеті өткізеді. Ол жерде жалпы ұйымдастыру мәселелері ғана талқыланады. Мұғалім баланың тәртібіне жауап бермейді, тек үлгеріміне жауапты. Тәртібі нашар болып, өзіне де, өзге балаларға да сәл зияны тие бастаса, ата-анасына ары кетсе үш ескерту беріледі. Одан ештеңе өзгермесе,…

Read More

  Тарих тегершігі қашанда өз қалауымен айналады. Оның ұзақ та сабырлы жүрісінің алдында кім болсын, мейлі, қаһарымен жер-дүниені тітіреткен хан да, қара көжесін ішіп, шаруа қамын күйттеген қараша да дәрменсіз.  Кешегі Ғұндар бүгін қайда жүр десе айта салғанға оңай болғанымен шындығында өте күрделі сұрақ. Ғұн десе болды, олар кеше кім, бүгінгі кімдер деп бас қатырамыз. Қай тарихи деректерді ақтарсақ та алдымен қытайдың ежелгі жазба деректеріне соқпай өте алмаймыз. Себебі, көне қытайларды ат табанымен бөріктіре таптап, қазіргі Хуанхэ дариясының (Сарыөзен) бойынан ары өткізіп, әйгілі қытай қорғанын тұрғызуға себепкер болған осы жау жүрек Ғұндар еді. Сондықтан да олар Ғұн десе төбе шашы…

Read More

Мекемтас Мырзахметұлы, жазушы, филология ғылымдарының докторы,  профессор: Отбасы тәрбиесі ғасырлар бойы өзінің қалыптасқан қалпымен қазақ тарихының өн бойында XIX ғасырға дейін Абай заманына қаймағы бұзылмай жетті. Қазақ болмысының, күнделікті тұрмысының өзегі ауыл – бір шалдың кіндігінен таралған балалардан тұратын. Бір ауылда үш-төрт баладан, оннан астам баладан аспайтын шағын ауыл өзінің атажұрты қыстауында, жазда жайлауында мал жайлататын. Отбасы тәрбиесі атасы мен әжесінің қолында бүкіл қазақ атаулы салт-сана, әдет-ғұрып ата дәстүрі қатаң түрде атадан балаға, әкеден немереге бұлжымай барлық ұлттық дәстүр сақталатын. Ауыл адамдары бір атаның баласы болу себепті, бүкіл мал дәулеті ортақ болғандықтан бір-біріне, малды бағып көбейту әрқайсысының азаматтық міндетіне жататын.…

Read More