Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Украина партиялары президенттікке кандидатты таңдады
Жаңалықтар

Украина партиялары президенттікке кандидатты таңдады

30/03/20140

Саясаткер әрі миллиардер Петр Порошенко (сол жақта) мен «УДАР» партиясының жетекшісі Виталий Кличко. Лондон, 26 наурыз 2014 жыл.

Украиналық саясаткер, «УДАР» партиясының жетекшісі Виталий Кличко президент сайлауына түсуден бас тартып, демократиялық күштер атынан бірегей кандидат ретінде Жоғарғы рада депутаты, миллиардер Петр Порошенконы ұсынуға шақырды. Бұл мәлімдемесін сенбі күні «УДАР» партиясының съезінде жасаған Кличко өзі Киев мэрі сайлауына түсу ниеті барын айтты. Партия Кличконың шешімін құптап дауыс берді.

Сол күні өз съезін өткізген «Батькивщина» партиясы алдағы президент сайлауына осы ұйымның жетекшісі Юлия Тимошенконы ұсыну туралы шешім қабылдады.

«Свобода» партиясы президент сайлауына үміткер ретінде өз лидері Олег Тягнибокты ұсынды. Сонымен бірге Украина президенті сайлауына түсетіндерін мәлімдеген тағы бірнеше адамның арасында «Оңшыл сектор» қозғалысының жетекшісі Дмитрий Ярошта бар.

Бұған дейін билікте болған «Аймақтар партиясы» ұзақ талқылаудан соң президенттікке Михаил Добкин лайықты деген ұйғарымға келді. Алайда осы партияның тағы бір өкілі Сергей Тигипко да сайлауға түсетінін мәлімдеді. Сонымен бірге бұған дейін президент сайлауына кандидат ретінде қатысуға ниет білдірген партия мүшелері Юрий Бойко мен Олега Царевтің қандай шешім қабылдайтыны әзірге белгісіз қалып отыр.

Украинада президент сайлауы мамырдың 25-і күні өтуі тиіс. «Украинская правда» басылымының хабарлауынша, Орталық сайлау комиссиясына президент сайлауына қатысуға тілек білдірген 15 адам құжаттарын тапсырған. Олардың бесеуі кандидат ретінде тіркелген. Президенттікке үміткер ретінде тіркелушілерден құжаттар қабылдау наурыздың 30-ы күні аяқталады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleДУЛАТ ИСАБЕКОВ: ЕЛБАСЫМЫЗ КӨШ ТОҚТАМАЙДЫ ДЕДІ
Next Article Түркиядағы бүгінгі жергілікті сайлауда стамбұлдық қазақтар аса белсенді

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.