Автор: admin

11 сәуір күні Астана қаласында әлемге әйгілі спорт шебері, Қазақстанда таэквандо мектебінің негізін қалаушы Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан-Түркия достық кеші» атты Түркия қазақтарының концерті өтеді,- деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.   Спорт саңлағының 60 жылдық мерейтойына орай өтетін Түркия қазақтарының концертінде Алтайдан ауып Анадолыға жеткен қазақтың ән-күйі орындалады. Осы орайда Түркия қазақ диаспорасындағы өнерпаздардың атажұртта өтетін кешіне бастамашы болған, бірнеше жылдан бері Түркия қазақтарының музыка өнерін зерттеп жүрген Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекеновқа хабарластық. «Мен Түркия қазақтарының ән-күйін зерттеу мақсатымен 2011 жылы Ыстамбұлға барған сапарымда Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қараның жеке мұрағатынан Анадолыға ауған қазақтар арасында күйшілік…

Read More

  Кенді атырап Сарыарқаның орталығында Наурыз айтыс игі дәстүрге айналып, биыл осымен сегізінші мәрте өткізіліп отыр. Шаһар орталығындағы Кеншілер мәдениет сарайында, таңертеңгі сағат 10-нан бастап халықтың қарасы көп болды. — Шараны өткізудегі басты мақсат — Сәкен бабамыздың рухына тағзым ету, сүйікті қаламыздың сексен жылдық мерейтойын ұлықтап, айтыс өнері арқылы көнеден келе жатқан дәстүрлі Наурыз мейрамын дәріптеу, шаһарымызыдың бүгіні мен ертеңін, бүгінгі жеткен жетістіктерін, ұлттар мен ұлыстардың мызғымас татулығын, достығын, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын кеңінен насихаттау болып табылады, — деген облыс әкімінің бірінші орынбасары Бейсембай Жұмабеков айтыскер ақындарға сәттілік тіледі. Жалпы саны 14 ақын қатысқан айтулы дода таңертеннен кешке дейін…

Read More