Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Сұхбаттар»ДУЛАТ ИСАБЕКОВ: ЕЛБАСЫМЫЗ КӨШ ТОҚТАМАЙДЫ ДЕДІ
Сұхбаттар

ДУЛАТ ИСАБЕКОВ: ЕЛБАСЫМЫЗ КӨШ ТОҚТАМАЙДЫ ДЕДІ

29/03/20141

ee5b3529447b713a500f10560960ed0c

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Дулат Исабеков кеше Елбасымен жүздесіп, Ақордада болып қайтты. Қаламгер мен Президент арасында қандай әңгіме болды? Аузы дуалы ағамыз Мемлекет басшысымен не жайында сөйлесті? Осы сауалдар төңірегінде Abai.kz ақпараттық порталының тілшісі жазушымен шағын сұхбат жасады.
— Дулат аға, бұл, әрине, дәстүрлі сұрақ: Елбасымен араларыңызда қандай әңгіме болды?
— Президентпен кездесіп шыққан бетте менен телеарналардың журналистері шұғыл сұхбат алған болды. Бірақ олардың менің сөзімді үзіп-жұлып бергені ұнамады. Мен тележурналистерге кездесу барысындағы әңгімемізді толықтай айттым-ау деймін. Бірақ олар менің Лондонға шығармашылық сапармен баратынымды, осы сапарым жайлы Елбасын құлағдар еткенімді ғана көрермен қауымға жеткізді. Бұдан жұрт ойлауы мүмкін ғой, мына жазушылар тек өздерінің қара бастарының ғана қамын күйттейді екен деп.
— Сондықтан негізгі әңгімелеріңізді Abai.kz ақпараттық порталының оқырманына білдіре отырайық.
— Негізгі әңгіме Украинаның басындағы бүгінгі ахуал тұрғысынан өрбіді. Тілі туыс, діні бір, тарихи тамыры тереңге кеткен, тіпті, бір-бірінен бөліп-жарып қарауға болмайтын Украина мен Ресейдің арасындағы бүгінгі шиеленіс мені қатты толғандырады дедім Президентке. Тарихта «Киев княздігі» деген болды. «Киев – орыстың анасы» деп те айтылатын. Міне, осындай баяғыдан ілік-шатыс елдің арасы бүлініп жатқанда бізді де әртүрлі ойлар шырмауықша шырмайды екен. Шығысымыздағы елмен де, солтүстіктегі көршімізбен де дініміздің, діліміз бен тіліміздің үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ал, еліміздің солтүстік облыстары болса, сол солтүстіктегі көршімізге қарап елеңдеп отыратыны белгілі. Бұлар да ертең референдумдатып шыға келмей ме? – дедім. Президент күліп: «Ағайынды екеуі ала көз болып қалса, оған біздің қатысымыз жоқ қой» деді. Сосын елдің тыныштығы мен мемлекетіміздің тұтастығын мәңгі сақтап қалудың қамы біздікі, жатпай-тұрмай алыс-жақынның бәрімен сөйлесіп отырмыз. Кімнің көкейінде қандай ой жүр, пиғылы қандай – соның бәрін қадағалап, бақылап отырмыз. Еліміздің Тәуелсіздігінің бір түйірін де жаттың қолына бермейміз. Мен неге «тыныштық-тыныштық» дей беремін. Тыныштықтың, сыйластықтың қадірін біздің халық айналада болып жатқан оқиғалар дүрмегіне қарап отырып пайымдап үлгерген шығар деп ойлаймын. Осы тыныштықтың арқасында аяққа әбден тұрып алуымыз керек. Шүкір, шекарамызды барлық тараптағы көршілерімізбен бекітіп алдық. Ішкі жалпы өнім жылдан жылға өсіп келеді. Табиғи ресурстарымыздың игілігін көре бастадық» , – деді. Содан маған күле қарап қойып: «Дүке, – деп әңгімесін жалғастырды, – Дүке, мен елдің тілегін, ой арманын, мақсат мұратын жақсы білетін адаммын. Бірақ, әр нәрсенің өз реті бар. Біреулер тіл мәселесін төтесінен қойғысы келеді. Біреулер тіпіті орыстілді телеарналарды жауып тастау керек деп жатыр. Ал, осының бәрін бір күнде қолға алайық та, іске асырайық. Сонда не болады? Ішіміздегі жұрт дауырықпайды, дау шығармайды дей аламыз ба? Шығарады. Соның бәрін біліп, сезіп отырғандықтан таразы басын тең ұстауға мәжүбірміз». Әңгімесін осы сөзбен бір қайырған Президен одан әрі Гаагадағы кездесулердің мән-жайын баян етті. Мен де осы арада Елбасына ризашылығымды білдірдім. Мемлекет басшысының беделі – мемлекеттің беделі. Мемлекетің азуын айға білеп тұрғанымен оның басшысы дарынсыз біреу болса, ел атына сын. «Сіздің АҚШ Президенті Барак Обама сияқты тұлғалармен жеке кездесіп әңгімелесуіңіз біздің көңілімізді тасытты. Сол жиындағы саясаткерлерден сіздің шоқтығыңызды біз биік көріп отырдық», – деп едім Президент жайраңдап күліп: «Бәрі де елдің қамы ғой» деп бұл әңгімеге нүкте қойды.
— Дулат аға, сіз былтыр Қазақстан халқы ассамблеясының құрылтайында Моңғолиядан көшіп келген бауырларымыздың біразы кері көшіп кеткені туралы айтқан едіңіз? Сол мәселе әңгіме болды ма?
— Болды. Еліміздегі өзге ұлт өкілдерін қоспағанда 11 миллион ғана халқың бар. Нүреке, осы көші-қон жайы қалай болады, мынау Ақордамыз қоныс тепкен Арқа даласының батысы мен солтүстігіндегі облыстарға көз алартып, сөз қылып жатқандар бар – деп едім, Президент: «Көш тоқтамайды, мұның бәрін терең ойлап, нақты істерге қадам жасағалы отырмыз, көңіліңдегі алаңды түсінемін», – деді.
— Байқаумызша, Президентте бір бетбұрыс бар сияқты.
— Иә, Елбасының елге деген ықыласын осы жолы ерекше байқадым. Үлкен саясаткер ғой. Саясаттың адамы алдағы жоспарының бәрін ақтарып тастап қарап отырмайды. Бірақ, бір бетбұрыстың барын осы жолғы кездесуден мен де іштей аңғардым.

Abai.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМұрат ӨНАЛ: «ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫН БАҚЫЛАП ОТЫРАМЫН»
Next Article Украина партиялары президенттікке кандидатты таңдады

Оқи отырыңыз...

ДЖОН ВАН ’Т ШКИП: «ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ЕСІГІ БАРШАҒА АШЫҚ»

12/08/20261

Берік Әбдіғалиұлы, саясаттанушы: Дәл қазір қазаққа нұрлы ақыл мен ыстық қайрат қажет

24/04/20151

«ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАСҚЫРЛЫҒЫ ТІСІНДЕ ЕМЕС, ІСІНДЕ!..» (немесе Отпан таудың басында Көк Бөрі неге тұр?) Сабыр Адаймен сұхбат (үзінді)

22/04/20151
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.