Автор: admin

  Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанға төрт күндік сапар жасайды. Бұл туралы ФИФА-ның ресми сайтында хабарланған. Сапар Бішкек қаласынан басталады. Онда ФИФА президенті спорт және саяси билік өкілдерімен кездесіп, Гол III (the Goal project III) жобасын ашады. Қырғызстанның төртінші гол жобасы – ұлттық футбол академиясы Ош қаласында бой көтереді. ФИФА басшысы өзінің сапарын сейсенбі күні Душанбеде жалғастырады. Онда президенттің қатысуымен Тәжікстандағы Жаппай футбол жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Шара аясында «Grassroots» бағдарламасы бойынша балаларға арналған футбол фестивалі ұйымдастырылады. Блаттердің сапары 27 наурыз күні Астанада аяқталады. Еліміздің астанасында ФИФА басшысы УЕФА-ның кезекті конгресінде сөз…

Read More

Өз сөзінде Қазақстан Президенті форумның болашағына қатысты пікірін білдірді. – Әлемдік қоғамдастық мүшелерінің көпшілігі қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптер алдында біздің жұмысымыздың 2016 жылдан кейін де жалғасуы үшін қолдау көрсетеді деп үміттенемін. Қазақстан мұндай шешімді қолдауға дайын. Жоғары деңгейдегі кездесулерді араға 4-5 жыл салып өткізіп тұруды ұсынамын, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев мұндай тәжірибенің жалғасу қажеттігінің бірқатар маңызды себептерін атап өтті. Осы орайда, Мемлекет басшысы әлемде атом энергетикасының «қайта өрлеуі» байқалып отырғанына тоқталды. – Бұл үдеріс сезімтал технологиялар мен материалдарға, ядролық терорризм қауіп-қатерінің артуына байланысты қатерлердің ұлғаюына әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай күрделі жағдайларда өткен саммиттер барысында пайда болған саяси…

Read More

Гаагадағы Ш жаһандық саммит қарсаңында жарық көрген, Euractiv және Washington Times тәрізді әлемнің жетекші интерактивтік саяси ақпарат көздерінде орналастырылған Қазақстан Президентінің мақаласында біздің еліміздің әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту жөніндегі шешімі осы саладағы Қазақстанның көшбасшылығына негіз болғаны атап өтіледі. Қазіргі уақытта, мақалада атап көрсетілгендей, ядролық қарудың түрлі экстремистік топтардың қолына түсу қаупі айрықша алаңдаушылық тудыруда. Ядролық терроризм халықаралық қауіпсіздік үшін ең үлкен қатердің бірі болып отыр. Мақаласының соңында Мемлекет басшысы жаһандық қауіпсіздік жүйесі ядролық арсеналдың талқандау мүмкіндіктеріне емес, мүдделердің үндестігі мен халықаралық міндеттемелердің орындалуының жасампаз күшіне негізделуге тиіс екеніне баса назар аударады. akorda.kz

Read More