«Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыс-процессуалды кодексінің жаңа редакциясы бойынша сараптамалық тыңдауы» атты Сараптамалық конференциясына қатысқан сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыс-процессуалды кодексіне халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын енгізу және Қазақстанның халықаралық өз міндеттемелерін сақтауы қажеттілігі туралы пікірлерін білдірді.
«Қазақстан Республикасының азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Келісімін сақтау бөлігіндегі міндеттемесі қылмыстық процесстің барлық кезеңінде адам құқығын қорғауда әділ сот өндірісінің стандарттарын толыққанды пайдалануды және азаматтық және саяси құқықты тиісінше реттеуді білдіреді. Азаматтық қоғам өкілдері және олар тартқан ұлттық және халықаралық сарапшылар екі жыл бойына Келісімге сәйкес қылмыстық және қылмыс-процессуалды заңдарды және Қазақстан қатысушы болып табылатын өзге де халықаралық құжаттарды жаңартуға бағытталған ұсыныстар топтамасын жинақтады. Парламент депутаттары біздің ұсыныстарымызды және азаматтық қоғамның нұсқауларын назарға алады, олар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыс-процессуалды кодексінің» жаңа редакциясында көрініс табады деп үміттенеміз» — деп құқықтық саясатты зерттеу Орталығының директоры Татьяна Зинович хабарлады.
Конференция құқықтық саясатты зерттеу Орталығының ҚР Қылмыстық және Қылмыс-процессуалды заңдарын жаңғыртумен байланысты мәселелер жөніндегі ашық сараптамалық талқылау кезеңінің қортындысы болып табылды. Конференция қатысушылары Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыс-процессуалды кодексінің жаңа редакциясы мәселелері жөніндегі азаматтық қоғам және сараптама қауымдастығының ұсыныстарын талқылады. Алматы қаласында 28 наурызда өткен талқылау, ҚР Қылмыстық-процессуалды кодексі реформасы шегінде сарапшылар мен қатысушылар сотқа дейінгі тергеудің басталуы, қорғау құқығының жүзеге асырылуы, конституциялық құқығын қамтамасыз ету және азаматтардың бостандығында қорғаушылар ролін күшейту, әділ сотөндірісін және күш көрсетуден процессуалды қорғау кепілдігі стандарттарын дамыту мәселелерін қарастырды. Қылмыс кодексінің жаңа редакциясы жобасын талқылау ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа редакциясының жобасында түрме реформаларының негізгі мәселелері, Қазақстан Республикасында өлім жазасын болдырмау, ұсынылып отырған ҚР ҚК редакциясында азаматтық және адамның саяси құқығын жүзеге асыру және ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық мәселелеріне арналды.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс және Сенаты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, қорғаушылар, халықаралық және ұлттық жетекші сарапшылар, мемлекеттік органдар, академиялық орта, қоғамдық және халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Конференция құқытық саясатты зерттеу Орталығы, ҚР Парламент Мәжілісі заң және сот-құқықтық реформалары жөніндегі комитеті, Орта Азия үшін БҰҰ жанындағы Жоғарғы Комиссариат басқармасы және Қазақстан Республикасындағы Нидерланд Королдігі Елшілігінің қолдауымен адам құқығы Хартиясы, Ашық қоғам институты, СОРОС Қазақстан Қоры, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық Кеңестің қатысуымен ұйымдастырылды.
MediaNet халықаралық журналистика орталығы


