Автор: admin

Сонымен, Путин тоқтар емес. Осы аптада, яғни сейсенбі, наурыздың 18-і күні Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік Дума алдында Ресей құрамына қосылуды қалаған Қырым-Ресей келіссөзіне қол қойды.  Мемлекеттік Дума алдында екпіндей сөйлеген Путин ешқандай заң бұзбағандығын, Қырым халқының өз таңдауын ашық және заң шеңберінде жасағандығын, Қырымның әрқашан Ресейдің бір бөлігі болып келгендігін ерекше «шабытпен» жеткізді. Жеңіске жеткендігіне масаттанғандығы байқалады. Мемлекеттік Дума өкілдері Путиннің әрбір сөзіне қол соқты. Сөйтіп өзге елдің территориясына аннексия жасап, Украинаның субьектісі болып табылатын Қырымды тартып алғандығын мақтан етті. 

Read More

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңында өткен «Наурыз-2014» мерекелік іс-шарасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. «Қас-қағым сәт сияқты бар болғаны 23 жылдың ішінде Қазақстан танымастай болып өзгерді. Бүкіл дүниежүзіне белгілі болды. Өскен-өркендеген елдермен терезесі теңесті. Күллі әлем сыйлайтын халық болдық. Ішіміздегі көп ұлтты, көп дінді халқымыздың бірлігін сақтап, соның арқасында еңбекпен өсіп, өркендеп келеміз. Болашағымыз жарқын. 2050 жылға дейінгі бағдарламамыз бар. 30 өскен-өркендеген елдің арасына кіреміз деген үмітіміз, жұмысымыз бар», — деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы еліміздің өркендеп-өсуінің ең басты тірегі қазақстандықтардың бірлігі мен берекелі іске деген ынтасының жоғары болуында екенін атап өтті. «Бейбітшілік…

Read More

  Қытай астанасының орталығында «Чаоян» саябағында қазақтың  ұлы ақыны әрі ойшылы Абайға арналған ескерткіш ашылды. Шара ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысовтың Қытайға жасаған сапары барысында өтті. Өз сөзінде ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов Қазақстан елшілігіне — Қытай астанасында қазақтың ұлы ақыны Абайдың ескерткішін орнату туралы идея бастамашысы мен мүсіннің авторы Юань Сикуньға алғысын білдірді. «Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 22 жыл ішінде Бейжіңде  қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіштің ашылуы екі жақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосқан ерекше үлес болып табылады», — деп атап өтті Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы. Ашылу салтанатына қатысқан мүсінші автор Юань Сикунь да сөз сөйледі. Ол,…

Read More