Автор: admin

Жексенбі күні Қырым тұрғындарының Ресейге қосылуына байланысты дауыс беру өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша, дауыс бергендердің 97% -ы идеяны қолдады. Бірақ, батыс елдері бұл саяси жағдайға көңілдері толмай, референдумды ешқашан мойындамайтындығын айтқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz. The Telegraph басылымының хабарлауынша, УЕФА мен ФИФА Ресейдің мұндай қадамы үшін түрлі шаралар қолдануы мүмкін. Атап айтар болсақ, бұл ұйымдардағы футбол шенеуніктері 2018 жылғы Ресейде өтетін әлем біріншілігінен бас тартуы ықтимал. Сонымен қатар «Газпром» компаниясы демеушілік ететін шығыс Еуропа клубтарын УЕФА аясында өтетін турнирлерден шеттетуі мүмкін. Мысал ретінде «Газпром» компаниясымен келісім-шарты бар германиялық «Шальке» командасы айтылуда. Еуропарламент бұл команданың жетекшілеріне Бундеслиганың 25 туры аясындағы «Аугсбургқа» қарсы…

Read More

“Шетелдегі” десекте ата-бабамыздан қалған өз жерімізде отырған ардақты Бауырлары, Ағаларым, Жеңгелерім, Іні-Қарындастарым!! Соңғы кезде әлемде болып жатқан оқиғаларды біліп,көріп жатқан боларсыңдар! Ресей зорекер-шапқыншылары тәуелсіз Украин елінің территория тұтастығына қол сұғып, Қырым парламентін қарулы адамдармен қоршап, депутаттардың отбасын,бала шағасын қорқыту арқылы Ресейге қосылуға мәжүбір етті. Бұл барып тұрған зорекерлік! Өздерің білесіңдер, Қазақ елі алғаш тәуелсіздік алған күннен бастап шетелдегі қандастарын шақырды. 20 жыл бойы көші-қон саясаты үзбей жүріп келді. Соның арқасында елге бір миллион қазақ оралды. Олар Қазақ елінде өсіп-өніп, тиісті еңбек етіп, жақсы өмір сүріп жатыр. Әрине, осы барыста кейбір орысқұл, Қазақ елінің тәуелсіздігін, қауіпсіздігін ойламайтын, көрсоқырлардың кесірінен көшке қолдан…

Read More