АҚШ президенті Барак Обама кеше Вашингтонда Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюкпен кездесті. Кезедсу барысында Обама Украинаның территориялық тұтастығын сақтауда Вашингтонның осы ел жағына шығатынын мәлімдеді. Обаманың айтуынша, егер Ресей президенті Украина дағдарысына қатысты ұстанымын өзгертпесе батыс елдері шаралар қолдануға мәжбүр болады. Яценюк өз үкіметі келіссөздерге дайын екенін, бірақ Украинаның егемендігі үшін күресте «ешқандай шегініс жасамайтынын» мәлімдеген. Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Автор: admin
©Алаш айнасы иллюстрациясы Бұрынғы Кеңестер Одағына мүше болған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Абхазия мен Оңтүстік Осетияда Ресейдің әскери базалары бар екені белгілі. Олардың ішіндегі Ресейдің қанша әскери нысаны тұр? Шындығын айту керек, Кеңестер Одағы ыдыраған тұста Қазақстан территориясында аса маңызды, ірі-ірі әскери нысандар қалған болатын. Қазір көрші ел олардың қаншасына иелік етуде? Осы бір сұрақтарға жауап табу үшін «Алаш айнасы» арнайы зерттеу жүргізіп, ізденіп көрген еді. Қазақстан Орталық Азиядағы – алып ел. Содан болар, Одақ кезінде біздің елде әлемдік деңгейдегі қорғанысты қамтамассыз ететін, аса маңызды түрлі әскери нысандар бой көтерді. Тәуелсіздік алған тұста, сол бір тегеурінді әскери базаларды игеру,…
Едіге МАҒАУИН Азаттық: – АҚШ президенті Барак Обама Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Украинадағы дағдарысты талқылады. Ақ үйдің хабарлауынша, Обама Украинада қалыптасқан жағдайды бейбіт жолмен реттеу үшін Назарбаевты белсенділік танытуға шақырды. АҚШ президентінің Қазақстан президентіне мұндай өтінішпен қоңырау шалуы тосын көрінеді. Бұл жайтқа қатысты Сіздің пікіріңіз қандай? Шон Робертс: – Бір жағынан алғанда, Қазақстан президенті Ресей үшін маңызды әрі Ресеймен ара қатынасы жақсы. Екінші жағынан, Украинадағы дағдарыс қазақстандықтар мен ел басшылығын қатты алаңдатып отыр. Сондықтан қазақтар ара ағайындық рөлін орындай алады деп ойлаймын. Оның үстіне, халықаралық жанжал кезінде тараптарды татуластыру рөлін ойнау президент Назарбаевтың өзіне де ұнайды. Ол көп жыл бойы Қазақстанды діни…

