Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Шеттегі Қазақ жастарына үндеу!
Қоғам

Шеттегі Қазақ жастарына үндеу!

18/03/20140
Шеттегі Қазақ жастарына үндеу!

Шеттегі Қазақ жастарына үндеу!“Шетелдегі” десекте ата-бабамыздан қалған өз жерімізде отырған ардақты Бауырлары, Ағаларым, Жеңгелерім, Іні-Қарындастарым!! Соңғы кезде әлемде болып жатқан оқиғаларды біліп,көріп жатқан боларсыңдар!

Ресей зорекер-шапқыншылары тәуелсіз Украин елінің территория тұтастығына қол сұғып, Қырым парламентін қарулы адамдармен қоршап, депутаттардың отбасын,бала шағасын қорқыту арқылы Ресейге қосылуға мәжүбір етті. Бұл барып тұрған зорекерлік!

Өздерің білесіңдер, Қазақ елі алғаш тәуелсіздік алған күннен бастап шетелдегі қандастарын шақырды. 20 жыл бойы көші-қон саясаты үзбей жүріп келді. Соның арқасында елге бір миллион қазақ оралды. Олар Қазақ елінде өсіп-өніп, тиісті еңбек етіп, жақсы өмір сүріп жатыр.

Әрине, осы барыста кейбір орысқұл, Қазақ елінің тәуелсіздігін, қауіпсіздігін ойламайтын, көрсоқырлардың кесірінен көшке қолдан кедергі жасалғаны белгілі. Дегенмен өткен 20 жыл ішінде қазіргіден де көп қазақтың Атажұртына оралуына болар еді. Мүмкін өмірдің бітпейтін ұсақ тірлігі мұрша бермеген болар. Тіпті, кейбір керенау ойлайтын қандастарымыз елге өкпе-наз айтып,көштің байсалды болуына кедергі келтірді.

Міне, дәл қазіргі уақытта жеріміздің тұтастығына қауіп төніп тұр десек те болады. “Өгізге туған күн бұзауғада туады!”. Егер расында Қырымдағы жағдай біздің солтүстік обылыстарда қайталанса, онда шетелде жүріп “Мақтан ететін” жалғыз Отандарыңның тағдыры не болмақ? Отан – сырттай тамашалап, қызықтап, жыр-сөз арнап қана қоятын зат емес.

Ол – сенің анаң! Анаңа өкпелеп, жау қолына тастайтын болсаң несіне қазақсың? Несіне адамсың? Қалай десек те, қанша кедергі жасалса да, мың жерден бөгет, жүз жерден асу қойылса да дәл осы сын-сағатта кеудесінде оты бар шетелдегі қазақ жастары елге бет бұруы тиіс.

“Бастарыңа іс түскенде шақырдыңдар ма?” деп танауларыңды көкке көтермеңдер. Менің басыма түскен уайым – сенің басыңа түскен азап! Елдегі кейбір мәңгүрт шенеуніктерге өкпелеп, Отаныңнан жеріме! “Битке өкпелеп тоныңды отқа жақпа” деген аталарымыз! Аталы сөзге тоқтайтын халық едік, «Елім» дейтін жастар Қазақстан жеріне бет алсын!

Тұп-тура жоғарыдағы картада көрсетілген қазақтің үлес салмағы төмен өңірлерге шаңырақ көтерсін! “Тамшы тас теседі,жіп ағаш кеседі!” дейді. Өз отанымызға тамшыдай тамып, көлімізді көбейтпесек,бізді кім жарылқайды? Бізді азуын айға білеген АҚШ та, Еуропада құтқара алмайды. Қазақты тек қазақ қана құтқарады.

Қазақты жамандама Қазақ бала,
Халықпыз Қазақ деген аз-ақ қана!
Мәңгілік ай астында,жер үстінде,
Қазақтың жанашыры қазақ қана!(Күләш Ахметова)

Мың ауыз сөзден бір қадам іске көшетін уақыт келді! Сын-сағатта атқа қонбасаң, кейін ерлігіңнің керегі қалмайды. Не осындайда келіп Отаныңа уық бол, не мәңгі келмей-ақ тойғызған жұрттың топырағына сіңерсің…
“Жау кеткен соң қылышты боққа шаппаймын!” деген қазақ бүгіннен бастап елге тартсын.Келсін де қазақтың бір-бір қызын жар етіп, азаматтықты тез алсын. Еш кедергі жоқ!

Халыңды ойлап,жаныңды ойлап жаралы,
Елдің мұңын өз мұңыңнан қоя алмасаң жоғары!
Перезент болсаң көк тайғақ,
Тұра алмасаң болат-семсер пішінде,
Бөркің ұшсын доптай боп,
Басың кетсін сол бөріктің ішінде!!

Серік Мұратханұлы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleНұрсұлтан Назарбаев әлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты олардың отандық экономикаға ықпалына ұдайы талдау және мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.
Next Article Қазақ жастары Қырым татарларын қолдайды

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.