Автор: admin

Сарыөзекке келіп тұрып Шоқан ауылына бармасаң, бірдеңеден құр қалғандай болады екенсің. Сол үшін солай қарай тарттық. Шоқан ауылына былтыр бір топ журналист болып келгенбіз. Зиратына, мұражайына, ескерткішіне зиярат жасап қайтқанбыз. Биыл да блогерлер болып, тағы соқтық. Зиратының басы шоқ гүлдерге толыпты. Соған қарағанда, келетін кісі қарасы көп ұқсайды. Мұрайжайда да қонақтар көп. Мерейтойға дайындық басталып кеткен. Ал ауқымды шара қара күзге жоспарланыпты… Мұрайжай қызметкері бізге мұражайды жәдігерлерін көрсетіп, түсіндіріп жүр. Бұрын байқамаған екем, мұражай сөресінде Шоқанның өзі салған ұйғыр әйелдің суреті бар екен. Осы сурет біраз ой қазбалауға жетеледі… Шоқан Қашқарияға барған сапарында Шынаргүл (Сәбит атамыз солай атаған) атты қызға…

Read More

«Антигептил» қозғалысының белсендісі Сәкен Байкеновтің соттан босап шыққан сәті. Астана, 13 сәуір 2015 жыл. Сәуірдің 13-і күні Астанадағы №2 Сарыарқа аудандық соты «Антигептил» қозғалысының белсендісі Сәкен Байкеновке қатысты шешім шығарды. 2014 жылдың шілдесінен 2015 жылдың ақпаны аралығында Facebook әлеуметтік желісінде «әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған Сәкен Байкенов сот отырысында өзінің кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдіретінін айтқан- деп хабарлайды азаттық . Сот шешімін оқыған судья Мәлік Каудинов Сәкен Байкеновке  екі жылға шектеу жазасын берілетінін жариялады. «Антигептил» белсендісі енді шектеу жазасы біткенше соттың рұқсатынсыз қаладан шықпайды.Сондай-ақ, түнгі клубтарға бара алмайды. Адвокат Бауыржан Азановтың Азаттықтың тілшісіне айтуынша, Сакен Байкеновке тағылған айып бойынша, ол…

Read More

Былтыр Түркияның Бодрум қаласында өткен Түркі Кеңесінің IV саммитінде Қазақстан Президенті түркі мемлекеттеріне ортақ телеарна ашу туралы бастама көтерген еді. «Әл-Жазира, ВВС сияқты ол телеарна түркі дүниесін әлемге насихаттауда оң роль атқаратынын», – деген Нұрсұлтан Әбішұлы түрік, ағылшын және орыс тілдерінде хабар таратуды ұсынған. Жуырда Стамбұл қаласында жиналған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан мен Қырғызстан халықаралық телеарналары мен ақпарат агенттіктерінің басшылары ортақ телеарнаның ұстанатын бағыты, қаржылық демеушілері мен бюджеті туралы кеңесті. Түркі Кеңесінің шеңберінде ашылатын бұл телеарна түбі бір түркінің тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі, рухани мәселелері жайлы ақпараттық-танымдық бағдарламалар дайындайды. Бүгінде арнайы құрылған жұмыс тобы құқықтық-норматитік құжаттарын дайындап жатыр. Телеарнаны ашу туралы…

Read More