Сапар Мәтенқызы (1753-1776ж.ж.) – Ақтөбе өңірі Қобда өзені бойын мекендеген табын руы отбасында дүниеге келген. Ел алдында сөйлеген сөзінен, жүзеге асырған саяси, әскери іс-қимылдарынан, халыққа шашқан ұрандарынан – ескіше айырықша сауатты, ой-өрісі кең жан болғандығы халық ауызындағы әңгімелерден белгілі. Сапар қыз 16-17 жас шамасында өз руының орташа ауқатты адамына тұрмысқа шығады. Еділ мен Жайық арасындағы қалмақтар Жоңғарияға қашқан кезде Сапардың күйеуі солардың қолынан қаза табады. Сапар келіншек қазаның артын бағып, жыл өткен соң әмеңгерлік жолмен күйеуінің інісі Жанбалтаның етегінен ұстайды.
Автор: admin
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай қоғамдағы белсенді әйелдерді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Көктем шуағы» атты салтанатты кездесуіне қоғамдағы белсенді қызметімен танымал болған шығармашылық және мемлекеттік қызметтегі әйелдер мен еліміздің дамуына зор үлес қосқан қажырлы еңбегі сіңген жұмысшы әйелдер шақырылды. Олардың қатарында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жүргізушісі Мая Веронская, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және есепке алу комитетінің төрайымы, генерал Сәуле Айтпаева, альпинизм спортының шебері Светлана Шарипова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова, «24 KZ» телеарнасының жүргізушісі Екатерина Морковина, цирк әртісі Тунгалаг Осельбаева, «Әдемі-ай» ЖШС Президенті Бахаргүл Төлеген, «Жылыоймұнайгаз» кәсіпорнының…
Әлем аумалы-төкпелі кезеңге килігіп, жаһаннан тыныштық кетіп тұрған қазіргі заманда Қарулы күштердің қуатты болғаны керек. Өкінішке қарай, коррупциялық жанжалдар қазақстандық әскери мекеменің қадірін арттырмайды. Кеше жедел-стратегиялық кеңес өткізген Президент, Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтен еліміздің Қарулы күштері қатарында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оны жою бағытында пәрменді шаралар қабылдауды талап етті. Ел қазынасынан бөлінген әр теңге мемлекеттің қауіпсіздігін күшейтуге қызмет етуге тиіс. – Еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға орасан зор қаржы бөлінуде, – деп атап көрсетті Елбасы. – Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы деңгейде қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл ретте жемқорлық фактілері мазасыздық туғызады, әскердің беделіне «дақ» түсіреді, ұлттық қауіпсіздікке қатер…

