Автор: admin

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев наурыздың 4-і күні Астанада өткен сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесу кезінде Украинадағы жағдайдың Кеден Одағы елдеріне әсері бар екенін айтты. Бұл туралы президенттің ресми сайты хабарлады. Әңгімелесу барысында елдің алдағы кезеңдегі сыртқы саяси басымдықтары және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. – Украинадағы жағдай елдердің ТМД аясындағы өзара қарым-қатынастарына тікелей әсер етеді және Кеден одағы мемлекеттеріне жанама қатысы бар. Мен ең таяу уақытта байсалды пікір алмасып, қазіргі жағдайдағы қауіпті үрдістердің белең алуына жол бермеу жөніндегі шараларды талқылайтын кездесу өткізу туралы ұсыныс енгіздім, – деді Қазақстан Президенті. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Read More

Қайрат Нұртас Ресейде өнер көрсетті BAQ.KZ – Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың Ресей Федерациясының Омбы қаласында өткізген концерті жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының тақырыбына айналған. Омбы қаласының бұқаралық ақпарат құралдары қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың концертінің аншлагпен өткенін ерекше таңданыспен жазды. Жергілікті БАҚ-тың жазуына қарағанда, Қайрат Нұртастың концерті өтетін күні Омбы орталық цирк ғимаратына көрермендер сыймаған. Билеттер алдын ала сатылып кеткеніне қарамастан цирк ғимаратының алдына халық көп жиналыпты. Билет сатып алуға үлгермеген халық концертті ғимараттың жақтауларындағы балкондардан тік тұрып тамашалаған. Концертке жергілікті қазақ ұлтының өкілдерімен қатар өзге ұлттың өкілдері де келген. Олар өздерін Қайрат Нұртасты сүйіп тыңдайтындықтарын айтып, оның өнерін жоғары бағалаймыз деп…

Read More

Алайда ең ащы һәм ашулы сөзді саяси шолушы Андрей Зубов айтқан сияқты. Ол Владимир Путинді Адольф Гитлерге теңейді. 62 жастағы тарихшы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) философия профессоры Зубов Азаттық радиосына сұқбат берді.

Read More