Автор: admin

АҚШ Ресей-мен арадағы әскери байланысын үзді. Пентагонның хабарлауынша, екі ел арасындағы барлық әскери байланыстар, оның ішінде екіжақты және көпжақты жаттығулар, екІ ел арасындағы келіссөздер, порттарға бару, конференциялар мен семинарларға қатысу тоқтайды. Пентагон өкілі Джон Кирбидің айтуына қарағанда, бұл байланыстардың барлығының пайдасы зор, бірақ АҚШ Ресейдің Украинадағы әрекетіне орай байланыстардан бас тартуға мәжбүр. «Біз Ресейді Украинадағы дағдарысты бәсеңсітуге және Ресей әскерилерін Қара теңіз флотына қайтаруға шақырамыз» деді Кирби. Пентагон өкілі бұған қоса Америка әскери-теңіз күштерінің кемелері Қара теңіз аймағында жүргені туралы ақпарат шындыққа сай келмейді деді. 1 наурызда Ресей Федерация кеңесі Путиннің «Украинада қоғамдық-саяси жағдай тұрақтанғанға дейін әскер пайдалануды» сұраған ұсынысын…

Read More

Мурат Абенов САЯСИ САУАТТЫ ЖӘНЕ ЕЛ АЗАМАТЫ РЕТІНДЕ ДӨП БАСЫП АЙТТЫ. ЕРЛАН КАРИН : Украинадағы оқиға – бұл интеграциялық бірлестікті құруды дамыту процесінде кем дегенде тайм-аут алуға сылтау «Украина төңірегінде қалыптасқан бүгінгі жағдай Қазақстан үшін де өз кезегіндегі бір сынақ, сын сәт деп те айтуға болады. Өйткені бұл оқиғалар посткеңестік кеңістікте қалыптасқан мемлекетаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптеріне ықпал жасауда. Айталық, аймақтық қауіпсіздіктің бірден-бір құқықтық негіздері болып есептелетін 1994 жылдың 5-ші желтоқсанында Будапеште қабылданған меморандумда, АҚШ, Ресей және Ұлыбритания Украина, Белорусия және Қазақстанның шекараларының беріктігіне, аумақтық тұтасығы мен қауіпсіздігіне кепілдік еткен болатын. Енді боса, арада бар болғаны 20 жыл ғана өте, Ресей…

Read More

 Мен бұл жігіт ағасымен кездейсоқ танысып қалдым. Қытайдан келген қандас бауырымыз екен. Қытайшаға судай. Екеуміз оны-мұны жағдайды әңгіме қылдық. Бір кезде ол өзінің қайда жұмыс істегені туралы айтып қалды. Біраз уақыт Қазақстанның батысындағы облыстардың бірінде қытайдың мұнай компаниясында аудармашы болыпты. Жұмыстың қиындығын айтты. Үй-күйіңді көрмей, алыс далада еңбек етесің деді. Сосын, қытайлардың қазаққа қалай мәміле жасап, қалай жұмыс істететінін айта бастады. Енді соған кезек берелік: 

Read More