Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев:мем­лекетіміз­дің қорғанында білікті мамандар мен ұлты­на шын берілген азаматтар тұруға тиістігін нықтады
Жаңалықтар

Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев:мем­лекетіміз­дің қорғанында білікті мамандар мен ұлты­на шын берілген азаматтар тұруға тиістігін нықтады

07/03/20140
Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев

Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан НазарбаевӘлем аумалы-төкпелі кезеңге килігіп, жаһаннан тыныштық кетіп тұрған қазіргі заманда Қарулы күштердің қуатты болғаны керек. Өкінішке қарай, коррупциялық жанжалдар қазақстандық әскери мекеменің қадірін арттырмайды. 
Кеше жедел-стратегиялық кеңес өткізген Президент, Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтен еліміздің Қарулы күштері қатарында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оны жою бағытында пәрменді шаралар қабылдауды талап етті. Ел қазынасынан бөлінген әр теңге мемлекеттің қауіпсіздігін күшейтуге қызмет етуге тиіс.

– Еліміздің қорғаныс қабілетін арт­тыруға орасан зор қаржы бөлінуде, – деп атап көрсетті Елбасы. – Ұлттық қауіпсіздік жо­ғарғы деңгейде қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл ретте жемқорлық фактілері маза­сыз­дық туғызады, әскердің беделіне «дақ» түсіреді, ұлттық қауіпсіздікке қатер төн­діреді. Қор­ғаныс министрі сыбайлас жем­қорлықтың алдын алатын шаралар қабылдауы қажет.

Кез келген тәуелсіз мемлекет, тек ек­піні мен тепкіні қатты, қуатты Қарулы күш­тері болса ғана, өзінің жарқын бола­шағына сенімді болары сөзсіз. Қазақстан тәуелсіздік жылдары бойында өз әскерін қазіргі заманғы озық техникамен, қару-жарақпен қамта­масыз етуге көңіл бөліп келеді. Осылайша сардарлар мен солдат­тарға ел алдындағы өз борышын адал атқаруға жағдай жасалуда.

Қазақстан өз алдына миллиондық ау­қымды әскер құруды мақсат тұтпайды, қазақстандық әскер ықшам әрі ұтқыр болуға тиіс. Жоғарғы Бас қолбасшы мем­лекетіміз­дің қорғанында білікті мамандар мен ұлты­на шын берілген азаматтар тұруға тиістігін нықтады: «ХХІ ғасырда Қарулы күштер мамандардан, патриоттардан және ары таза азаматтарымыздан құралуға тиіс!» деп міндеттеді Елбасы.  Әскерден қашанда темірдей тәртіп, заманауи техниканы мінсіз меңгеру және ұдайы ұрысқа дайын болу талап етіледі. Мемлекет басшысы айтқанындай, жері­міз­дің шекарасын айнала достас елдер қоныс­танғанымен, әлемде бас көтеріп жатқан жаңа қатерлерге ел әзір отыруы, тойтаруға қабілетті болуы қажет.

– Біз армиямызды әскери-техникалық жарақтандыруды және отандық әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын ны­ғай­туды жалғастырамыз. Ұйым­дастыру­шылық-штабтық іс-шаралар санын қыс­қарту керек. Олардан тек мем­лекет қара­жаттарын қажетсіз шығындаудан басқа пайда жоқ, – деді Мемлекет басшысы.  Кеңес кезінде Елбасы Н.Назарбаев елдің қорғаныс қабілеттілігін нығайтуға бағыт­тал­ған басқа да нақты тапсырмалар берді.

aikyn.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleРесей мен Украина әскерінің қайсы мықты?
Next Article Мемлекет басшысы қоғамдағы белсенді әйелдерді қабылдады

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.