Украина билігі әскердің толық жауынгерлік дайындыққа келтірілгенін хабарлады. 1 наурыз күні Ресей Федерациялық кеңесі Украинаға әскер жіберуді қуаттаған еді. Украина билігі осыдан соң армияны әзірлікке келтірген. Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов сенбі күні теледидар арқылы әскерді дайындыққа келтіру туралы бұйрықты «Ресей агрессиясы мүмкіндігін ескере отырып» бергенін айтқан.
Автор: admin
Орыс дұрыс қадам жасады Саясатта ешқандай достық болмайды, тек мүдде қатынасы ғана болады. Әлде бір жаттанды диалогтардың бұндай мүддеде пайдасы шамалы болатынын күнде көріп, біліп отырмыз.
«Ресейдің Украинадағы басқыншылық әрекеті» айыпталған соң БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жабық есік жағдайында жиын өткізді. Cимфереполь көшесіндегі белгісіз әскери адамдар. 28 ақпан 2014 жыл. Украина президенті қызметін атқарушы Жоғарғы Рада төрағасы Александр Турчинов 28 ақпан күні кешке «Ресейдің Қырымдағы басқыншылық әрекетін» айыптап, Ресей президенті Владимир Путинді «арандатуды» тоқтатып, әскерді кейін әкетуге шақырды. Мәліметтерге қарағанда, Қырымда нөмері жоқ әскери көліктер мен айырма белгісі жоқ солдаттар жиі байқала бастаған.

