Амиржан Косанов Қиналдың, қазақ, қаншама, Шашырап жүрген тұмшалы ел! Жат жұртта жүрген баршаңа Атажұрт жақтан бір сәлем!
Автор: admin
2012 жылы кәсiпқой боксты таңдап, бiр жарым жыл iшiнде 16 жекпе-жек өткiзген Қанат Ислам биыл әлем чемпионы белбеуi үшiн тартысқа түсе ме? Бұдан былай спортшының кәсiпқой бокстағы жекпе-жектерiн теледидардан тамашалауға мүмкiндiк туа ма? Былтыр Алматыда өткен әлем чемпионатына боксшыларын қосқан Қытай бапкерлерi нендей өтiрiк айтты? Осы тақылеттес сауалдарға әуесқой бокста жүрiп миллиардтардың арасында 10 жыл чемпиондық тұғырды ешкiмге бермеген, құмырсқадай қаптаған қытайға олимпиаданың һәм әлем чемпионатының қола медалiн алып берген кәсiпқой боксшы Қанат жауап айтты. АҚШ-тан атамекенiне аз уақытқа ат iзiн салған спортшыны жаттығудан кейiн “ұстадық”.
Алаштың асыл тұлғаларымен қатар аталатын ұлдарының бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов. Алда 20- наурыз қайраткер тұлғаның туылған күні. Марқұм тірі болғанда 99 жасқа толар еді. Ұлтының басына күн туған, қиын кездерінде қасынан табылған Жұмабек қазақ жерінің телім-телім болып, ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кетпеуі үшін жан аямай күрескен ұлы отаншылы. Ата-баба аманатына адалдығымен, жерін жатқа беруге қарсы жан аямай күрескен ерлігімен, өз еліне адал азаматтығымен есте қалған қайсар азамат.

