Украинада тұратын қазақстандықтар уақытша өз отанына оралғылары келеді – Украинада жүрген қазақстандықтар және қазақ диаспорасы өкілдері қауіпсіздік үшін уақытша ол жерден кету туралы ойлайды, – дейді Киевте тұрып жатқан қазақ диаспорасының өкілі Тимур Оразов «Радиоточкаға» берген сұхбатында. – Киевте қазақтар да, қазақстандықтар да көп. Бұл жерде жерлестер ұйымы бар, біз бір-біріміздің жоспарларымыз туралы білеміз. Арамызда кейбіреулер уақытша өз отанымызға оралу туралы жоспарлап жүр, тым болмаса, отбасын көшіруді ойлайды.
Автор: admin
Конференциямыздың кезекті қонағы Қайрат Бодауханұлы онлайн конференция сұрақтарына барынша жан-жақты жауап беруге тырысыпты. Әсіресе, көші-қон төңірегіндегі түйткілдерге айрқыша тоқталған екен. Айталық, «Мемлекет саясаты, Елбасының саясаты теріс болған жоқ: мәселе сол саясаттың құқықтық және ұйымдастыру, іске асыру тетігінің жіберген орасан қателігінде. Ақыры, ол «жемқорлықтың», бітпес «даудың» ордасы болып кетті. Ал, Елбасына, Үкіметке тіптен басқа ақпарлар мен «дәлелдемелер» беріліп отырды. Ақыры, оралман «кінәлі» болып шыға келді. Бұл біздің қоғамдағы үлкен індет. Көпке шашылған топырақ ешуақытта иесін таппайды. Демек, миллиондаған тағдырды «қылмыскер, жалқау, қашқын» деп баға беру қоғамның қателігі ме, саясаттың айласы ма? әлде биліктің айласы ма? Ол ақылы барға түсінікті!», — дейді ол.
Қазақ тарихында елі мен жері үшін күрескен ерлер баршылық. Өкінішке орай, олардың көпшілігінің ерлік істері туралы мағлұматтар бүгінгі ұрпаққа беймәлім. Осындай «ақтаңдақтардың» орнын толтыру бүгінгі тарихшылар мен әдебиеттанушылардың өзекті міндеті. Толарсақтан саз кешіп, шыбын жанын шүберекке түйіп, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін өмірлерін жорықпен өткізген ұлы аталарымыздың есімдері қандай да құрметке лайық. Қазақтың қазақ болып қалуы солардың арқасы. Халықтың өзін-өзі сақтап, ұзақ тарихи кеңістікте өмір сүре алуы өте күрделі құбылыс. Әсіресе, басқыншы, қуатты державалармен көрші отырған қазақ сияқты халықтар тағдыры тіптен ауыр. Қазақ халқының өзінің этникалық келбетін, ұлттық құндылықтарын, ең бастысы, ұлан-байтақ жерін сақтау жолындағы күрестері трагедияға толы. XVIII ғасыр қазақ…

