ҚАРАҒАНДЫ РЕСЕЙДІҢ ҚАЛАСЫ ЕМЕС
«Сөз-қару, бұны бұзуға жұмсасақ, бұзады. Түзетуге жұмсасақ, түзейді»,-дейді А.Байтұрсынов. «Сөз-қару» болса, факт журналистиканың ұстын тірегі екені белгілі. Өкініштісі, бүгінгі қазақ баспасөзінде факт-чекинг саласы дамымай келеді»,-деп Дулат Аманжол «Қазақ баспасөз пәрменсіз, журналисі дәрменсіз» атты мақаласында бар күйініш, ренішін білдірген болатын. Шынымен де, бүгінгі қазақ баспасөзінде факті беру тұрғысында жалған ақпаратқа сүйеніп жұртты да, оқырман қауымды да алдап, жатамыз. Бүгінгі оқырман қауымды газет оқымайды деп кінә таға отыра, оларға жалған ақпар беріп отырған журналистің ренжуге хақы жоқ сияқты ма? Шындығына келгенде, оқырманды жалған ақпарат пен жаңылыстыруға еш басылымның хақы жоқ. Жарайды, бізді қоя тұрар болсақ, журналистикасы пәрменді, журналисі дәрменді орыс ағайындар масқара сұмдық жасады. Бір орыс тілді ақпарат құралы факті беруге дәрменсіз екенін танытып берді. Мәселе төңірегі бізге қатысты болған соң, біз де шыдап отыра алмадық. Не болмаса бізді мойындағысы келмеген орыс журналистерінің сандырағы болар. Атақты ресей режиссері Олег Степченконы білмейтін киносүйер қауым жоқ шығар. Бірақ сол ресейлік кинорежиссердің біздің Қарағандыда дүниеге келгені рас. «Уикипедия» анықтамалығында: «Оле́г Анато́льевич Сте́пченко (род. 25 сентября 1964, Караганда, Казахская ССР) — российский режиссёр, сценарист»,-деп көрсетілген. Қарағанды да дүниеге келген режиссердің «Вий» фильмі — алғашқы көрсетілімде «Аватарды» басып озып кассалық табыстан рекорд жасап, үш күн билет сатудан 17 млн доллар пайда түсірген көп қаржылы кинотуынды. Орыс басылымдары келтірген фактіде олардың бұлай қуана сүйінші сұрауына кинорежиссер Олег Степченконың Қарағандының тумасы екені себеп болыпты. Мақтанып отырып олар Олегтің Қарағандыны жақсы көретінін, оны барлық ұлттар бас қосқан ресейлік Нью-Иорк деп санайтынын айтыпты. Тіпті, олар өздерінің жаңылыспағандарын да айта кетіп, Қарағандыны Ресей қаласы деп мақала тұсына дардай ғып жазыпты. Оларға «бір кісінің басы» десек, артық айтапағандық болатын шығар. Жаңылысқан кімдер екенін біліп алса екен. Басқасы басқа Қарағанды деген Қазақстанның ең ірі өңдірісті, өнеркәсіпті қаласын білмей не көрініпті. Ресейінде Қарағанды деген кенді шаһар болмаса да, көштен қалған деревнялардың аты бар шығар. Олар өздерін, «біз қателесіп отырған жоқпыз. Қарағанды Ресейдікі» депті. Қателесіп отырған олар шығар. Немесе бұлар әлі де Қазақстанды Кеңестік өкіметтің меншігі деп санайды, бастарындағы сол ойлары аңдаусызда қағазға түсіп кете беретіні болар. Білдік орыс ағайындардың ойындағы дүниесін.
Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ




