Қазақ мәдениетінде, қазақ өнерінде жылқы бейнесі ерекше орын алатыны белгілі. Ер қанаты қазанат қазақтың эпосында батырмен қатар аталады. Байырғы және жаңа заман әдебиетінде, дәстүрлі музыка мәдениетінде аттың сыны мен қасиетіне арналған қаншама шығармалар болған. Міне, осындай шығармалардың бірі – Байжігіттің күйі «Көкбалақ». * * * Абылайдың жиырмадан жаңа асқан кезі. Үлкен бір соғыста Шарыш батырды өлтіріп қалмақтың сағын сындырған, бұлғақтаған жас сұлтанның әскердегі беделі үлкен екен. Кәрі-жасы бар, қол бастаған батыры мен қатардағы аламаны, барлығы «ендігі ханымыз Абылай болса екен» деп армандапты… …Қоңыр күздің басында, Абылай жанында екі жүз нөкері бар аңға шығады. Неше күн аң атып, ойын-сауықпен келе…
Автор: admin
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі», деп Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, азат еліміздің мықты тұғырына айналып келе жатқан мемлекеттік тілдің өскелең рөлі, оның ұйытқылық қасиетіне арналған «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық кеңес Астанада өтіп, оған Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев қатысты. Сонымен қатар, алқалы жиынға Мәдениет және спорт министрлігі, өзге де құзырлы мекемелердің өкілдері, Парламент депутаттары, БАҚ, облыстардағы тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, өзге де азаматтар қатысты. Тірлігінде тілін ардақтаған, мәдениетінің мәйегін түсінген, ұлт руханиятының бастау басында тұрған, сөз де емес ісінде, отбасы, ошақ қасында оны көзінің қарашығындай сақтаған жұрт жұтамай, көсегесі көгеріп келе жатқанын…
Ертең «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетінің тұсаукесері өтпек. Александр Пушкиннің поэмасының желісімен сахналанған, прологы мен эпилогы бар төрт көріністен тұратын «Бақшасарай бұрқағы» хореографиялық поэмасын Николай Волковтың сценарий бойынша 1934 жылы балетмейстер Ростислав Захаров дүниге әкелген болатын. Енді балеттік спектаклдің жаңа редакциясын қазақстандық хореографтар Тұрсынбек Нұрқалиев және Ғалия Бөрібаева жүзеге асырып отыр. Осыған орай бүгін Астана қаласында баспасөз мәслихаты өткен еді. Осы сәтті пайдалана отырып ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» МОБТ балетінің көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері Тұрсынбек Нұрқалиевті сөзге тарттық. Автор кеңестік жүйенің саяси ықпалына ұшыраған балеттік қойылымға қазақы танымға, тарихқа жүгіне отырып…

