Мұқағали Мақатаев І «Қара таудың басынан көш келеді». Қара жорға шайқалып, бос келеді. Қара күнді жамылып, қара қазақ Қара түнді басынан кешкен еді. Қара қайғы көрсетпей ештеңені, Қара жауы қанатын кескен еді. Шұлғау бөлып қыздардың кестелері, Талай қара шаңырақ өшкен еді. «Қара таудың басынан көш келеді!!!»
Автор: admin
Суретте — Руза Бейсенбайтегі. Сурет «Азаттық» радиосынан алынды.Керекулік қоғам белсендісі, қазақ тілінің шырылдаған жанашыры Руза Бейсенбайтегі «Цесна» банктің павлодарлық бөлімшесін сотқа беріп, ақыры өзінің туған тілі жолындағы шайқаста жеңіп шықты. Расында, бұл сотты «шайқас» демеуге болмайды: өз жерінде өлімшінің күйін кешкен қазақ тілінің мүддесі үшін өткен бұл тартыс 10 айға созылған еді.
Galym Bokash Facebook парақшасынан алынған пост Егер Пекин олимпиадасында ана сахнадағы алып бес сақинаның біреуі ашылмай қалса, әрбір бес ұйымдастырушының бірі ертеңінде түрмеде оянар еді;) Сол үшін жанкешті қытайлар өрмелеп шықса да, бірдеңе қып әлгі сақинаны ашар еді. Ресейдегі бей-берекеттіктің бір «жақсысы» мұндайда жауапты адам, я ұйым ары кетсе, келесі тендерден қағылады;) Ал бас ұйымдастырушы президенттен бастап жұрттың бәрін «басынан задумка солай болған» деп сендіреді дегендей;)))

