Facebook парақшасынан алынған пост
Егер Пекин олимпиадасында ана сахнадағы алып бес сақинаның біреуі ашылмай қалса, әрбір бес ұйымдастырушының бірі ертеңінде түрмеде оянар еді;) Сол үшін жанкешті қытайлар өрмелеп шықса да, бірдеңе қып әлгі сақинаны ашар еді. Ресейдегі бей-берекеттіктің бір «жақсысы» мұндайда жауапты адам, я ұйым ары кетсе, келесі тендерден қағылады;) Ал бас ұйымдастырушы президенттен бастап жұрттың бәрін «басынан задумка солай болған» деп сендіреді дегендей;))) Ал әзіл-қа…лжыңсыз жалпы баға берер болсақ, ашылу салтанаты әдемі болды. Ресейдің адам ресурстары мен шығармашылық әлеуеті ең зор елдердің бірі екені тағы көрінді. Сталинизм мен путинизм үшін тұтас халықты күстәналауға болмайды. Ресейліктер жарады! Сочи олимпиадасына жұмсалған 51 миллиард доллардың жоғын біржақты жоқтаушылар жемқорлық пен экология туралы әділ сын айтады, бірақ осы олимпиаданың арқасында мыңдаған адамның жұмыс тауып, жүздеген объектінің бой көтергенін, инфрақұрылымның жақсарғанын ұмытып кете береді.
«Фишт» стадионында ашылмай қалған бесінші сақина Ресейдегі құқықтары тапталған адамдар мен ластанған қоршаған ортаның наласы деуге келер. Путинизм дәуірі аяқталғасын Ресейдің әлі дүние жүзін тамсантып, БЕС САҚИНАЛЫ жазғы олимпиада өткізгеніне куә болуды жазсын.
Жасасын Сочи! Жасасын олимпиада!
P.S. Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы да, киімдері де ғаламат болды.



