Әдетте біз Алаштың азаттығы жолында болған ұлы күрестер мен оны бастаған батыр-баһадүрлер турасында сөз қылғанда қазіргі Қазақстан шекарасынан шиырлап шықпай жатамыз. Ақиқатында қазақтың азаттығы үшін басын оққа ілген батырлар кеңестік Қазақстан өңірінен тысқары өлкелерде де аз болмаған. Солардың бірегейі — Шығыс Түркістан қазақтарының еркіндігін құру жолында шәйіт болған Оспан батыр Ісләмұлы.
Автор: admin
Еліміздің ақпарат кеңістігінде желдей ескен әңгімеге соңғы нүкте қойылды. Өскеменге Бірінші Петр ескерткіші қойылмайды. Бұл туралы облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрболат Ахметжанов ақпарат орталығында өткізген брифинг барысында мәлімдеді. – Соңғы кезде бірқатар баспасөзде Өскемен қаласының 300 жылдық мерейтойына орай қалада І Петрдің ескерткішін орнату жоспары туралы ақпарат жарияланған болатын. Бұл мәселені талқылап, ушықтыруға еш негіз жоқ.
Мемлекет басшысы көрнекті ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда ақынның ұлттық поэзиямызға өзгеше леп әкелген ерекше дарын иесі екенін атап өткен, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

