Қытай жастар құрамасында өнер көрсетіп жүрген қақпашы, қандасымыз Ержет Ерзатұлы Португалияның «Gondomar s.c» командасымен келісімшартқа қол қойыпты.
осыдан бірнеше жыл бұрын Ержет Астанада өткен жасөспірімдер арасындағы жарыста өнер көрсеткен. Көп ұйғырдың арасындағы жалғыз қазақ екен. Шынжаң командасының сапында келіпті.
Ойын кезінде Ержет бауырымыз мықты қақпашы екенін таныта білді. Сол жолы матчты тамашалап тұрған белгілі журналист Амангелді Сейітхан ағамыз, жанында тұрған басшыларға «мына баланы әкеліп алу керек қой» дегені есімде.
Енді міне талантты бала топ жарып, Шыңжаң қазақ футболшыларының ішіндегі тұңғыш рет еуропаға есік ашқан қандасымыз саналып отыр. Қайда барса да қазақ атын танытып жүре берсін дейміз!



