Түркі тектінің ата қонысы болған Алтайдан ауып, Анодолы жеріне бостандығы мен басын, ділі мен дінін алып жеткен Қазақтар тарихы өзге адамзат баласы жазбаған , жасамаған тарих. <<Сағыныш>> сол көштің себебі мен салдарын салалап , саралап бермек. Осы азапты алыс сапардың басталар алдындағы Алтай аймағындағы қоғамдық , ұлт пен рулар арасындағы шиеленіске толы тарихи оқиғаларды ашалап көосетеді. Тұтас көштің жолына көш басшысы Батыр Солтаншарыптың көзімен шолу жасайды. kerey.kz
Автор: admin
Жарық дүниенің дидарында жақсылық пен жамандықтың қабаттаса қатар жүретіні секілді өткен тіршіліктің қағазға түсіп хатталған шежіресі – тарихта да бұл екеуі, яғни жақсылық пен жамандық жарыса бой көрсетіп жатады. Сондықтан тарихты зерделегенде бұлардың біріне ерекше көңіл бөліп, екіншісін елемей, қалыс қалдыру шындыққа жетер жол емес. Мұның екеуін де тұтас қамтып, жақсысынан тағылым алып, оны одан әрі жетілдіру; жаманынан сабақ алып, оның алда қайталануына жол бермеу – өмір талабы. Онсыз өз заманыңа сай ілгерілеу қиын.
Ғалым Боқаш Facebook парақшасынан алынған пост Өткен сенбі Карловы Варыға арнайы барып Мұхтар Мағауин ақсақалмен әңгімелесіп қайттым. Қазақтың көзі тірі классик жазушысының дәл іргесінде тұрып айлап жүздесе алмай қалатыныма қынжылам. «Шыңғысхан» тарихи деректі романының үшінші кітабын жазып бітуге таяу екен. «Бестен бірі ғана қалды» деді. Абайдың қолжазбалары туралы, қыпшақтар мен Византияның қарым-қатынасы жайлы, Моғол империясы туралы әңгімелестік.

