Автор: admin

ХХ ғасыр басындағы елеулі прогрессивті құбылыс Алаш қозғалысы еді. Бұл қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының жаңа да сапалы деңгейге көтеріліп, халықты батыстық үлгіде білім алған ұлттық интеллигенция өкілдері бастайтын дәрежеге жеткендігінің белгісі еді. Елдік мүддені қорғау жолында ұлттық саяси партия құрып, мемлекеттік деңгейге ұмтылған Алаш арыстарының алдына қойған маңызды міндеттерінің бірі – түрлі тарихи оқиғалардың салдарынан сырт елдерде қалған қазақтардың мәселесі болатын. Босқыншылықта босып жүрген қазақ халқының басын біріктіру, бір шаңырақтың астына жинау мақсатында мемлекеттік құрылымды жасақтау, жеке автономиялы ел болу ұлт зиялыларының алдында тұрған уақыт күттірмейтін өзекті мәселе еді.

Read More

Тұрсынбек КӘКІШЕВ, әдебиеттанушы-ғалым: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Дін мен дәстүр» атты жаңа жобаны бастап, оның 1-ші кітабын жарыққа шығарған екен. Бұл игі бастаманы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өзі қолға алып кіріскенін сезіп отырмыз. «Істің қалай біткеніне емес, қалай басталғанына қарар болсақ», көңіл қуантарлық жоба екені көрініп тұр. Қолымыздағы 1-ші кітаптың бас-аяғына көз жүгіртсек, бес параграфтан тұратын оқулық формасында жазылыпты. Аздан көпке, таяздан тереңге дамытқан ой-пікірлер ұғымды, жеңіл, түсінікті тілмен баяндалыпты. Аяттар мен хадистер орынды келтірілген. Қазақ халқының өмірімен, тіршілігімен тығыз сәйкестендіріп үйлесімділік тауып тұр.

Read More

1-cурет: Смағұл Сәдуақасұлы 2-сурет: Смағұл Сәдуақасұлы мен Мұхтар Әуезов 3-сурет: Смағұл Сәдуақасұлы мен Мұхтар Әуезов және тағы басқа Алаш азаматтары 4- сурет: Смағұл Сәдуақасұлы мен жары Лиза Әлиханқызы 5- сурет: Әлихан Бөкейхан мен жиені Ескендір Смағұлұлы 6-сурет: Ескендір Смағұлұлы 7- сурет: Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлі Астанаға жеткізілген сәт 8- сурет: Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлін жер қойнына тапсыру (жерлеу) сәті 9-сурет: Астанада жерленген Смағұл Сәдуақасұлының зираты басындағы құлыптас Жас Смағұл үздік туған бала екен, Байтақ елге асқар таудай пана екен. Сол баладан, сол панадан айырылған, Қайран қазақ, орны толмас жара екен. Мағжан Жұмабаев, 1933 жыл Осы мақалаға жоғарыдағы атты…

Read More