Менің ауылдағы ағамның ұлы тоғыз жылға жуық уақыт бір перзентке зар болды… Қай жылы екені есімде жоқ, ауылға бір бара қалғанымда құлағыма сыпсың жеткен: інім мен келіннің арасы үзілуге шақ жүр екен… Құдай айдап апарған шығар, сол жолы бауырымды үйден жырақ алып шығып, шаңын сілкігенім бар-тын. Қай-қайдағы сөзді тауып қайрағаным есімде. Үзілгелі тұрған дүниені жалғаудан қиын жоқ. Қия бассаң бар нәрсенің өзін қиратып алуың оп-оңай ғой. Сондықтан, саясатпен сөйлеуге тура келген… Алланың құдіретінде шек жоқ. Содан, бір жыл өтісімен өмірге Сағыныш деген құлыншақ келді. Сағыныштың ізін ала тағы екі қыз дүние есігін ашты. Төртіншісі де қыз бала еді, шетінеп кетті……
Автор: admin
«Талибан» содырлар қозғалысы көпшілікті таңғалдырып, жұрт көзінен таса жүрген басшысы Молла Омардың «өмірбаянын» жариялады. Жылдар бойы ешқандай аудио және видеоайғақ болмағандықтан, «Талибан» басшысы Молла Омар «қатты науқас», «қайтыс болыпты» деген лақап тараған еді. Молла Омардың Ауғанстандағы «Талибан» содырлар қозғалысын басқарып келе жатқанына 20 жылға таяды. Алайда оның жеке өмірі туралы мардымды ақпарат жоқтың қасы еді. «Талибан» қозғалысы осы ұйымға басшылыққа келгеніне 19 жыл толу құрметіне Молла Омардың өміріне қатысты ақпаратты жария етті. «Талибанның» интернеттегі сайтында көлемі 5 мың сөзден асатын ауқымды «өмірбаян» бес тілде жарық көрді. Онда Мулла Омардың жеке өмірі, күнделікті істейтін кәсібі, тіпті отбасы жайлы егжей-тегжейлі мағлұмат берілген. Бұл арқылы…
Моңғолияны мекендеген қазақтар — дүние жүзі қазақ қауымының бір бөлігі. Абақ Керейден тараған Моңғолиядағы азғантай қазақ бұрынғы ұлы көшпенділердің бүгінгі тірі жалғасы және куәсі. Олар алғаш Алтайдың теріскей бетіне ауа көшіп, Моңғол жеріне қоныстана бастағалы міне 145-155 жылдың жүзі болды. Осылайша ат төбеліндей азғана қазақ малға жайлы, шөбі шүйгін, суы тұнық Қобда өлкесіне қоныс аударып, қазақтардың ұлттық аймағын құрып, шаңырақ көтерді. Осындай қарбалас заманда шаңырақ көтеріп, ұлттық аймақ орнату азғана қазақтарға әрине оңай болған жоқ. Міне бұған, біріншіден жаратқанның жәрдемі тиді десек, екіншіден аз қазаққа ұлан байтақ жер бөліп беріп, дербес ұлттық аймақ орнатуға зор қамқорлық көрсеткен Моңғол үкіметінің салиқалы…

