Буын биі, яғни, ел ішінде Қара жорға аталып жүрген қазақ биінің төңірегіндегі туралы дау-дамай әлі де толастамай келеді. Кейбір советтік битанушылар «Қара жорға моңғолдардың биі» десе, енді бір өнертанушылар «Қара жорға – оралмандардың биі» деген де ұшқары пікір айтқаны бар. Міне, сол басы даудан арылмай келе жатқан Қара жорға биінің қазақтікі екенін дәлелдейтін нақты айғақ табылғандай. Ресейдің Петербор қаласындағы Эрмитажда француз суретшісі Барбиштің Екатерина-2 патшайымға сыйға тартқан 15 суретінің бірінде нағыз балдық би, яғни, жұптасып билеу дәстүрі бейнеленген «Қазақтар биі» деп көрсетілген картина табылды. Картина 1792–1793 жылдары орыстың әскери қызметінде болған француз әскериі әрі суретші Барбиштің еңбегі. Барбиш патшайымға «Қазақтар.…
Автор: admin
Ғалым Боқаш Facebook парақшасынан алынған пост АҚШ президенті Барак Обаманы екі мәрте сайлауға түскен кезінде қолдап шыққан қарапайым америкалықтың көлігіндегі қос жапсырманы биыл жазда Вашингтонда суретке түсіріп алып едім. Өзін Детройттың қазіргі мэрімен бір класта оқыдым деп таныстырған басқа бір такси жүргізушісі маған «Обама халықты медициналық сақтандырумен тұтас қамту туралы заңы арқылы АҚШ-тың ешбір президенті жасай алмаған іс қылды. Енді әлемдегі ең бай елде емделуге жағдайы жоқтар көшеде қап өлмейтін болды» деп разы кейіпте әңгімелеп еді. Кейін жаздың соңынан бері жаңаша сақтандыру вебсайтының дұрыс ашылмай қап, Обаманы сынаушылардың күрт көбейгенін көріп «енді не болар екен» деп жүр ем.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Ашық хат Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізден қазір талқыланып, Парламенттің қос палатасының мақұлдауынан өткен «Халықтың көші — қоны туралы заңының «Оралмандарға жеңілдетілген (тіркелген) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығы беріледі» деген 26 бабын өз күшінде қалдыруыңызды және тоқтатылған оралман квотасын қайта қалпына келтіруіңізді сұраймыз.

