Тарихта қазақ бір болғанда ешқандай жау оны алған емес. Бұл туралы бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Автор: admin
ШЫҢҒЫС ХАН ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАМАНЫ Мұхтар МАҒАУИН Үшінші кітап ТЫНЫМСЫЗ МАЙДАН Бірінші бөлім ШАПҚЫН I тарау ҰЛЫ ХОРЕЗМ ХІІ ғасырдың екінші он жылдығында әбден кемеліне келген Хорезм империясы Орталық-Батыс Азиядағы ұлан-байтақ алқап – бүгінгі Иран мен Ауғанстан жерін түгелге жуық және Түркстан шегін тұтасымен қамтып жатқан еді. Мұсылман әлеміндегі алпауыт, әрі ең қуатты мемлекет болды. Ғасырлар бойғы, беріден санағанда мың жарым жылдық даму үрдісі мен ұтымды жағырапиялық орын және соңғы замандағы сәтті тарихи жағдай, ең бастысы – ел билеуші әулеттің ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан табанды күресі мен ұтымды саясатының нәтижесі.
Еуразия университеті ғалымдары Астанадағы қорымнан Кенесары сарбаздарына қойылған құлпытас тапқандарына сенімді. Бірақ кей зерттеушілер «ондай үзілді-кесілді пікір айтуға әлі ерте» дейді.

